Ақмола облысының кірпіш зауытының құрылысында ҚХР-дың 75 азаматы анықталды

    Ақмола облысының кірпіш зауытының құрылысында ҚХР-дың 75 азаматы анықталды

    Ақмола облысында көші-қон заңнамасының бұзылуын анықтау бойынша күшейтілген іс-шаралар жалғасуда. Жедел бөлімшелердің қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары «Заңсыз» жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде тексерулер жүргізуде.
    2026 жылдың 9 қыркүйегінде Целиноград ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Жабай ауылының маңында салынып жатқан кірпіш зауытына тексеру жүргізді.
    Тексеру барысында объектінің құрылыс жұмыстарында Қытай Халық Республикасының 75 азаматы еңбек ететіні анықталды.
    Шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында болуының заңдылығын, сондай-ақ олардың еңбек қызметін жүзеге асыруының заңдылығын және қажетті рұқсат құжаттарының болуын тексеру мақсатында барлық 75 азамат Целиноград ауданының полиция бөліміне жеткізілді.
    Қазіргі уақытта анықталған фактілер бойынша тиісті іс жүргізу іс-шаралары жүргізілуде. Әкімшілік материалдардың әрқайсысы бойынша шешім заңнамада белгіленген тәртіппен қабылданатын болады. Тексеру нәтижелері бойынша шетелдік азаматтарға қатысты көші-қон заңнамасын бұзғаны және еңбек қызметін қажетті рұқсат құжаттарынсыз жүзеге асырғаны үшін әкімшілік хаттамалар құрылды.
    Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту фактісі ұйым басшысына қатысты әкімшілік хаттама жасалатын болады.
    Ақмола полицейлері көші-қон заңнамасының бұзушылықтарын анықтау және жолын кесу, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тарту кезінде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
    Айта кетейік, екі күн ішінде көші-қон полициясының қызметкерлері 59 бұзушылық анықтады, оның 39-ын шетелдіктер жасаған. 18 бұзушылық шетелдіктерге тұратын жер беріп, полицияға хабарламағаны бойынша.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының Полиция департаменті" жаңалықтары