Форум барысында спикерлер өздерінің кәсіби жетістіктері мен тәжірибелерімен бөлісіп, ауыл мектебіндегі оқушылардың мүмкіндігін арттыру жолдарын талқылады.
Көптеген ұстаздардың айтуынша, бұған дейін оқушыларды жоғары нәтижеге жеткізу арманы болғанымен, қажетті құрал-жабдықтардың болмауы үлкен кедергі болған. Ал «Қазақстан халқына» қорының қолдауы ауыл мектептеріне заманауи мүмкіндіктер ұсынып, оқушылардың өз қабілеттерін ашып, нақты нәтижелерге жетуіне үлкен мүмкіндік берді. Бұл – ауыл балаларына жасалған үлкен инвестиция.
Барлық спикерлер өз тәжірибелерін таныстырып, қызу пікір алмасып, құнды ойларымен бөлісті. Ең қуантатыны – қордың қолдауы арқылы ауыл мектептеріндегі оқушылардың да түрлі бағыттарда жоғары жетістіктерге жетіп жүргені.
Форумда біздің Батыс Қазақстан облысының ұстаздары да өз тәжірибелерімен бөлісті. Шыңғырлау ауданының ұстазы Каукиева Аягүл және Чапай мектебінің ұстазы Дендерова Назира – өз еңбегімен талай жетістікке жеткен, ауыл педагогінің әлеуетін көрсетіп жүрген ұстаздар.
Ауыл мектебі – мүмкіндігі шектеулі орта емес, керісінше, дұрыс қолдау көрсетілсе, үлкен жетістіктерге бастайтын орта!
Ауыл ұстаздарына қолдау – ауыл баласының болашағына жасалған қолдау!




