
1. Сұрақ: Бала туылған кезде отбасына қандай қолдау шаралары беріледі?
Жауап: Бала туылған кезде бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы төленеді. 1-ші, 2-ші, 3-ші балаға жәрдемақы мөлшері 38 айлық есептік көрсеткішті, немесе 2026 жылы 164 350 теңгені құрайды; 4-ші және одан кейінгі бала туылған кезде — 63 АЕК, немесе 272 475 теңге.
Сондай-ақ жұмыс істемейтін ата-аналар үшін бала бір жарым жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған. Оның мөлшері отбасындағы балалардың санына байланысты:
бірінші балаға — 5,76 АЕК, немесе 2026 жылы 24 912 теңге;
екінші балаға — 6,81 АЕК, немесе 29 454 теңге;
үшінші балаға — 7,85 АЕК, немесе 33 952 теңге;
төртінші және одан кейінгі балаға — 8,90 АЕК, немесе 38 493 теңге.
2. Сұрақ: Егер анасы бала туылғанға дейін жұмыс істеген болса, бұл жағдайда қандай төлемдер беріледі?
Жауап: Бұл жағдайда жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлем және АО «ГФСС»-тен бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлем беріледі.
3. Сұрақ: 4-ші және одан кейінгі бала туылған кезде отбасына қандай төлемдер беріледі?
Жауап: Отбасында төртінші бала туылған кезде отбасы көпбалалы отбасы мәртебесін алады. Бұл ретте мөлшері отбасындағы балалардың санына байланысты және отбасының табысына тәуелді емес көпбалалы отбасыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады. Мысалы:
төрт балаға — 16,03 АЕК (он алты бүтін жүзден үш), немесе 2026 жылы 69 330 теңге;
бес балаға — 20,04 АЕК, немесе 86 673 теңге;
алты балаға — 24,05 айлық есептік көрсеткіш;
жеті балаға — 28,06 айлық есептік көрсеткіш;
сегіз және одан да көп балаға — әр балаға 4 айлық есептік көрсеткіш.
4. Сұрақ: Көпбалалы аналарға қандай әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған?
Жауап: «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерімен наградталған аналардың жеке жәрдемақы алуға құқығы бар. «Күміс алқа» төсбелгісімен наградталған әйелдерге ай сайын 6,40 АЕК мөлшерінде, немесе 2026 жылы 27 680 теңге жәрдемақы төленеді.
«Алтын алқа» төсбелгісімен наградталғандарға жәрдемақы — 7,40 АЕК, немесе 32 005 теңге.
Мұндай төлемдер алты және одан да көп бала туған әйелдерге беріледі.
5. Сұрақ: Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылар үшін не қарастырылған?
Жауап: Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылар үшін 1,61 ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) мөлшерінде, немесе 2026 жылы 81 871 теңге мөлшерінде ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған.
https://www.instagram.com/reel/DdGlI4xomwF/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==









