Оқу-ағарту министрі Франция Республикасының Елшісімен кездесті

    🇰🇿🇫🇷 Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесті.
    🎓 Кездесу барысында тараптар білім беру саласындағы Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылап, бірлескен бастамаларды іске асыру перспективаларына тоқталды. Сондай-ақ екі елдің білім беру ұйымдары арасындағы серіктестікті кеңейту, тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері қарастырылды.
    ❗️ Кездесу қорытындысында тараптар білім беру саласындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға және бірлескен жобаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы" жаңалықтары