
Қазақстанда Tax Free пилоттық жобасы жүзеге асырылуда (ҚР Қаржы министрінің 2026 жылғы 4 маусымдағы № 363 бұйрығы).
Tax Free ЕАЭО-ға кірмейтін елдердің азаматтары болып табылатын шетелдік туристерге, егер тауарлар ЕАЭО бажы аумағынан тыс жерлерге тікелей шығарылса, Қазақстанда сатып алынған тауарлар үшін қосылған құн салығының сомасын қайтаруға мүмкіндік береді.
Жобаға қатысуға стационарлық сауда объектілерінде азық-түлік емес тауарларды сататын ҚҚС төлеушілері — кәсіпкерлер шақырылады. Жоба Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Балқаш, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен (Қатонқарағайды қоса алғанда), Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысының Бурабай кентінде қолданылады.
Бизнес үшін жүйеге қосылу және оны пайдалану толығымен тегін. Tax Free-ге қатысу шетелдік сатып алушыларды тартуға, орташа чекті арттыруға, сату көлемін ұлғайтуға және халықаралық деңгейдегі сервис есебінен дүкенді бәсекелестер арасында ерекшелеуге көмектеседі.
Шетелдік туристер өтемақыны бір чекте 10 АЕК-тен басталатын (2026 жылы 43 250 теңге) азық-түлік емес тауарларды сатып алған кезде ала алады. Сатып алу кезінде сатушы ҚҚС бөліп көрсетілген кассалық чек негізінде қағаз немесе электрондық түрде «Tax Free» құжатын береді, ал сатып алушыға қаражатты қайтаруды жүйе операторы жүзеге асырады.
Жобаға қосылу үшін бизнеске taxfree.kz немесе globalblue.com сайттарында Tax Free операторларымен шарт жасасу жеткілікті.
Нормативтік бұйрықпен ҚР НПА ЕКБ (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкі) порталында (zan.gov.kz/client/#!/doc/226045/kaz), сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігі мен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайттарында келесі сілтемелер бойынша толығырақ танысуға болады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/1026619?lang=kk, https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/1026619?lang=ru,
https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/1026619?lang=en
https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/documents/details/1026657?lang=kk
https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/documents/details/1026657?lang=ru
https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/documents/details/1026657?lang=en









