Қауіпсіз тауарды қалай таңдауға болады: 5 маңызды белгіге назар аударыңыз

    Қауіпсіз тауарды қалай таңдауға болады: 5 маңызды белгіге назар аударыңыз
    Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұтынушыларға тауар сатып алу кезінде оның бағасы мен сыртқы көрінісіне ғана емес, өнімнің қауіпсіздігі мен заңды түрде сатылып жатқанын растайтын ақпаратқа да назар аударуды ұсынады.
    Тұтынушы нені ескеруі керек?
    🔹 ЕАС белгісі
    «ЕАС» (Еуразиялық сәйкестік) таңбасының болуы өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау рәсімдерінен өткенін көрсетеді.
    🔹 Өндіруші туралы ақпарат
    Тауардың қаптамасында немесе өнімнің өзінде өндірушінің атауы, тауардың шығарылған елі және байланыс деректері көрсетілуі тиіс.
    🔹 Тұтынушыға арналған ақпарат
    Өнімді пайдалану жөніндегі нұсқаулық, сақтау шарттары, пайдалану ережелері мен қауіпсіздік шаралары заңнамада белгіленген жағдайларда мемлекеттік және орыс тілдерінде қолжетімді болуы қажет.
    🔹 Импорттаушы немесе жеткізуші туралы мәліметтер
    Бұл ақпарат тауарға қатысты жауапты тұлғаны анықтауға және өнімнің сапасына байланысты мәселе туындаған жағдайда тұтынушының құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді.
    🔹 Сәйкестікті растайтын құжаттар
    Сатушыда тауардың белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар болуы тиіс. Қажет болған жағдайда тұтынушы сәйкестік сертификатын немесе сәйкестік туралы декларацияны сұрата алады.
    Есте сақтаңыз: сатып алмас бұрын тауарды бірнеше минут тексеру сапасыз, қауіпті немесе контрафактілік өнімді сатып алу қаупін азайтуға көмектеседі.
    Тауарды саналы таңдаңыз — сатып алмас бұрын тексеріңіз!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары