БАҚЫЛАУ-ҚАДАҒАЛАУ ОРГАНДАРЫ БИЗНЕС-ҚОҒАМДАСТЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРЕДІ

    БАҚЫЛАУ-ҚАДАҒАЛАУ ОРГАНДАРЫ БИЗНЕС-ҚОҒАМДАСТЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРЕДІ

    2026 жылғы 24 қыркүйекте Шымкент қаласында «Бірыңғай есеп беру күні» өткізіледі.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – заңнама талаптарының бұзылуының алдын алу және кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру.

    «Бірыңғай есеп беру күні» аясында бақылау-қадағалау органдары кәсіпкерлер алдында атқарылған жұмыстары туралы есеп беріп, мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар мен өзекті мәселелерді талқылайды.

    Іс-шараға Шымкент қаласының әкімдігі, прокуратура органдары, Мемлекеттік қызмет істері департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ Шымкент қаласындағы өзге де бақылау-қадағалау органдарының өкілдері қатысады.

    Кәсіпкерлерді іс-шараға қатысып, бақылау-қадағалау органдарының өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға шақырамыз.

    📍 Өтетін орны: Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімдігінің ғимараты, Тәуке хан даңғылы, №6, мәжіліс залы, 2-қабат.

    🕚 Уақыты: 2026 жылғы 24 қыркүйек, сағат 11:00.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" жаңалықтары