ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУҒА 14,5 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

    ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУҒА 14,5 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

    Шымкент қаласында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға ерекше мән берілуде.
    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі №754 қаулысына сәйкес, «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында 2026 жылы кәсіпкерлікті қолдауға 14,54 млрд теңге қарастырылған.
    Оның ішінде:
    12,59 млрд теңге — республикалық бюджеттен;
    1,95 млрд теңге — жергілікті бюджеттен бөлінеді.
    Қаражат кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдауға, бизнес жобаларды іске асыруға және олардың өндірістік қуатын арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау тетіктерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
    Мемлекеттік қолдау шараларының жүйелі іске асырылуы жаңа жобалардың жүзеге асуына, жұмыс орындарының ашылуына және қаладағы кәсіпкерлік белсенділіктің артуына ықпал етуде.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" жаңалықтары