
Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы Темірболат Ахажан және №4 сайлау округінен сайланған депутат Шалқар Оразбаев «Ардагерлер саябағына» барып, аумақты абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.
Танысу барысында саябақ аумағының жай-күйі қаралып, абаттандыру және көгалдандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, сондай-ақ автосуарумен қамтамасыз ету және жасыл желектерді тиісті деңгейде күтіп-ұстау мәселелері талқыланды.









