
Мемлекеттің ең басты міндеті – көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық жасау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бүгінде елімізде қарттар үйлері, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орталықтар мен балаларға арналған оңалту мекемелері, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың ролі ерекше.
Алайда бұл қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі қаншалықты бақылауда? Дәл осы мәселені шешу мақсатында елімізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтарды міндетті лицензиялау жүйесі енгізілді.
Лицензиялау – бұл мемлекет тарапынан қойылатын қатаң, бірақ әділ сүзгі. Енді кез келген орталық (мемлекеттік болсын немесе жекеменшік болсын) жұмысын бастамас бұрын өзінің оған толық құқылы және дайын екенін дәлелдеуі тиіс.
Лицензиялануға жататын қызметтердің бағыттары :
1. Стационарлық үлгідегі, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған орталық, жүйке-жүйесі мен психикалық ауытқулары бар 18 жастан асқан ересектерге арналған орталық және мүгедектігі бар психологиялық ауытқулары бар 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған орталықтар жатады.
4. Жартылай стационарлық үлгідегі мекемелерге (мүгедектігі бар жандар, сонымен қатар мүгедектігі бар балалар және қарт адамдар келіп күндізгі уақытта оңалту шаралары өтетін орталықтар жатады.
5. Уақытша болу орталығы, тұрмыстық зорлық зомбылыққа, адам саудасына ұшыраған немесе белгілі бір тұрақты тұрғылықты жері жоқ жандарға уақытша көмек көрсету дағдарыс орталықтары жатады.
6. Үй жағдайында қызметтер көрсетуге, әлеуметтік қызметкерлер жалғызбасты қарттар мен мүгедектігі адамдарға үйіне барып арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар жатады.
Орталықтарға қойылатын негізгі талаптар қандай ? Лицензия алу үшін әрбір мекеме бірнеше маңызды критерийлерге сай болу керек.
Мамандардың біліктілігі, ғимарат қауіпсіздігі, материалдық-техникалық база, мүмкүндігі шектеулі жандарға арналған «кедергісіз орта» талаптарына толық сәйкес келуі тиіс.
Қазіргі таңда Ақтөбе өңірінде 2025 жылдың қаңтар айынан бастап арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 32 мекеме арнайы тексерістен өтіп, ресми лицензияға ие болды. Бұл көрсеткіш - аталған орталықтардың заң аясында жұмыс істеуге, қызмет алушыларға қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасауға толық қауқарлы екендігінің айқын дәлелі.









