Филиппиннен келген 35 дәрігерді Алматы медицинасының қандай қырлары қызықтырды?

    Филиппиннен келген 35 дәрігерді Алматы медицинасының қандай қырлары қызықтырды?

    Халықаралық тәжірибе алмасу — басқа елдегі медициналық көмектің қалай ұйымдастырылғанын зерделеп, өз тәжірибеңмен бөлісуге мүмкіндік беретін маңызды алаң. Осы мақсатта Филиппиннен келген 35 дәрігер Алматы қаласындағы №3 қалалық емханаға арнайы барды.

    Шетелдік әріптестерге емхананың жұмысы, алғашқы медициналық-санитариялық көмекті ұйымдастыру, мамандардың өзара іс-қимылы және пациенттерді медициналық көмек көрсету деңгейлері бойынша бағыттау тәртібі таныстырылды.
    Қонақтардың ерекше қызығушылығын онкологиялық бейіндегі пациенттерге медициналық көмек көрсету жүйесі, оның ішінде диагностика мен медициналық оңалту мүмкіндіктері тудырды.
    Кездесу барысында халықаралық медициналық туризмді дамыту мәселелері де жеке талқыланды. Қонақтарға шетелдік пациенттерге диагностика мен емдеуден бастап оңалтуға дейінгі барлық кезеңде қолдау көрсететін «QAZAQ med travel» жобалық кеңсесінің қызметі таныстырылды.
    Кездесу кәсіби пікір алмасуға, тәжірибе бөлісуге және жаңа ынтымақтастық бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

    Медицинада шекара жоқ. Өйткені кез келген денсаулық сақтау жүйесінің негізінде ең басты құндылық — көмекке мұқтаж адам тұр.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары