Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі мен аудан халқының назарына!

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі мен аудан халқының назарына!

    Отырар аудандық мәслихат төрағасының

    ШЕШІМІ

    08 қыркүйек 2026 жыл № 45/VIII

    Сегізінші шақырылымдағы

    Отырар аудандық мәслихатының

    кезекті қырықыншы

    сессиясын шақыру туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына сәйкес:

    Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезекті қырықыншы сессиясы 2026 жылғы 18 қыркүйек күні сағат 11:00-де Шәуілдір ауылында шақырылсын.

    Отырар аудандық

    мәслихатының төрағасыУ.Ұзақов

    Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі

    мен аудан халқының назарына!

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезекті қырықыншы сессиясы 2026 жылғы 18 қыркүйек күні сағат 11:00-де Шәуілдір ауылында, аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабардар етемін.

    Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістері 2026 жылғы 18 қыркүйек күні сағат 09:30-да өтеді.

    Сессияның қарауына енгізілетін мәселелер:

    1. Шілік ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы атқарылған жұмысы туралы есебі;
    2. Ақтөбе ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы атқарылған жұмысы туралы есебі;
    3. Темір ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы атқарылған жұмысы туралы есебі;
    4. Аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі басшысының 2025 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есебі;
    5. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының 2025 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есебі;
    6. Отырар ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы;
    7. Отырар ауданы аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы;
    8. Отырар ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы;
    9. Отырар ауданының полиция бөлімі басшысының өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі;
    10. Отырар аудандық білім бөлімінің басшысының өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі;
    11. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының 2025 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есебі;
    12. Отырар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №31/173-VIІI «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»;
    13. Отырар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы №32/183-VIІI «2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізуге кезекті мәслихат сессиясының күн тәртібіне енгізуді сұраймын;
    14. «Отырар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы.

    Ескертпе: Келіп түсуіне қарай сессияның күн тәртібіне өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

    Отырар аудандық

    мәслихатының төрағасыУ.Ұзақов

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары