ОРДАБАСЫ: «КӨПБЕЙІНДІ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ» ШЖҚ МКК-НА ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

    ОРДАБАСЫ: «КӨПБЕЙІНДІ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ» ШЖҚ МКК-НА ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ
    Бүгін, Департаментпен бекітілген тексеру тағайындау актісіне сәйкес Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Темірбаева Мадина Сейдуалықызы Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК-на жоспардан тыс тексеру жүргізді.
    Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Мадина Сейдуалықызы жүргізілген тексеру нәтижесімен таныстыру және еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын түсіндіру мақсатында «Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ның еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырды.
    Кездесу барысында Мадина Сейдуалықызы еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын бақылау, сондай-ақ жұмыс берушінің еңбек қатынастары саласындағы міндеттерінің орындалуы, жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарының құрылуы басты назарда екендігін атап өтті.
    Сонымен қатар, еңбек шарттарын жасасу және рәсімдеу, жұмыс уақыты мен тынығу режимін сақтау, еңбекке ақы төлеу, жұмыскерлерге тиісті еңбек кепілдіктерін беру және еңбек қауіпсіздігі талаптарының орындалуына назар аударылды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары