Көкшетау қаласында «Бизнестен 100 игі іс» акциясы өткізілді

    Көкшетау қаласының прокуратурасы облыс прокуратурасының тапсырмасына сәйкес, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру және «Бизнестен 100 игі іс» акциясы аясында қала әкімдігі, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп, қаланы көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – қала тұрғындары, әсіресе балалар үшін қолайлы әрі жайлы орта қалыптастыру.

    Акция аясында Сарыарқа шағын ауданында орналасқан №20 мектеп-гимназиясы мен техникалық мектеп-лицейінің аумағына ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.

    Өткізілген іс-шара мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің тиімді өзара іс-қимылының нәтижесі, сондай-ақ кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі мен Көкшетау қаласын дамытуға және абаттандыруға қосқан үлесінің нақты көрінісі болып табылады.

    Ақмола облысының прокуратурасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының прокуратурасы" жаңалықтары