
Департамент басшысының орынбасары Р. Бисеновтің қатысуымен облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының қызметшілерімен әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша кездесу өткізілді.
💬 Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп талаптарын сақтау және қызметтен тыс уақытта да мемлекеттік қызметшінің жоғары мінез-құлық стандарттарын ұстану қажеттігі түсіндірілді.
Соның ішінде:
🔹 азаматтар мен әріптестерге құрметпен қарау;
🔹 іскерлік киім үлгісін сақтау;
🔹 мемлекеттік мүлікті жеке мақсатта пайдаланбау;
🔹 қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу;
🔹 масаң күйде көлік құралын басқармау;
🔹 әлеуметтік желілерді әдеп нормаларына сай жүргізу;
🔹 құмар ойындарға әуестенбеу қатаң ескертілді.
⚖️ Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, мүдделер қақтығысына жол бермеу және заң талаптарын сақтау мәселелеріне назар аударылды.
Мемлекеттік қызметшінің әдептілігі, жауапкершілігі мен кәсіби мәдениеті – мемлекеттік қызметке деген қоғамдық сенімнің маңызды негізі.








