Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

    Басқарма туралы

    "Ақтөбе облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі Облыстың энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    "Ақтөбе облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

    "Ақтөбе облысы әкімдігінің энергетика және ТКШ басқармасы" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ басқарманың Ережесіне сәйкес жүзеге асырады

    Мемлекеттік органның негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

    "Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

    облыс экономикасының энергетикалық секторын дамыту, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру арқылы экономиканың энергия ресурстарына өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жәрдемдесу, коммуналдық, су және газ шаруашылығының инженерлік желілерін дамытуға жәрдемдесу.

    Тапсырмалар:

    Энергетика, коммуналдық, тұрғын үй, су және газ шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік реттеу және басқару.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Ақтөбе облысында жаңа жылыту маусымына дайындық басталды

    Ақтөбе облысында жаңа жылыту маусымына дайындық басталды ✅ Ақтөбе облысында өткен жылыту маусымы штаттық режимде аяқталды. Жылу белгіленген мерзімде беріліп, барлық тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар орталықтандырылған жылумен толық қамтылды. ⚜️ Бұл туралы облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен жылумен тұрақты қамтамасыз ету және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері қаралған аппарат мәжілісінде қаралды. «Жаңа жылыту маусымына дайындық қазірдің өзінде басталды. Сала кәсіпорындарымен бірлесіп, жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізу, жабдықтарды жөндеу және жаңғырту, сондай-ақ мектептер, балабақшалар мен медициналық мекемелердің дайындығын тексеру жоспарлануда», – деді Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Серік Даулетов. 📅 Ағымдағы жылдың 18–22 мамыры аралығында жылу желілеріне жыл сайынғы көктемгі гидравликалық сынақтар өткізу жоспарланған. Мұндай шаралар желілердегі ықтимал ақаулар мен әлсіз тұстарды дер кезінде анықтап, жоюға мүмкіндік береді. 🏗️ 2026 жылға арналған ұзақмерзімді бағдарлама аясында ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру көзделген. Атап айтқанда, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-да үш жоба, «Aqtobe su-energy group» АҚ-да жылу желілерін жаңғыртуға бағытталған инвестициялық бағдарлама және 13 жобаны қамтитын жөндеу жұмыстары жоспарланған. «Энергосистема» ЖШС-де ұзындығы 590 шақырымнан асатын желілерді қайта жаңғырту және жабдықтарды жаңарту қарастырылған. ⚡ Сонымен қатар, өңірде энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында да жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылға жылумен жабдықтау, сумен қамту, су бұру және электрмен жабдықтау салаларында кешенді шаралар жоспарланған. 📊 Қазіргі таңда жобалардың бір бөлігі іске асырылу кезеңінде болса, енді бірқатары сараптама мен келісу сатысынан өтуде. 📌 Өңір басшысы алдағы кезеңдегі негізгі міндет инженерлік желілердің сенімділігін арттыру және қыс мезгілінде халықты тұрақты жылумен қамтамасыз ету екенін алға тартты. «Өткен жылыту кезеңі жалпы алғанда тұрақты өтті. Дегенмен, бірқатар ауданда жылу желілерінің тозуы мен жылу сапасына қатысты мәселелер бар. Бұл сұрақтар жүйелі тәсілді және уақытылы шешім қабылдауды талап етеді. Жаңа жылыту маусымына дайындық белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс. Барлық жөндеу жұмыстары, гидравликалық сынақтар мен нысандарды жаңғырту сапалы әрі қатаң бақылаумен жүргізілуі қажет. Қала және аудан әкімдері жылумен жабдықтау жүйелерінің дайындығы үшін жеке жауапкершілікті қамтамасыз етіп, төтенше жағдайларға жол бермеуі тиіс. Негізгі міндет – халық үшін жылыту маусымының тұрақты әрі қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету» , – деп атап өтті өңір басшысы.

    5 мамыр 2026 ж.Тікелей
    Бюджет қаражатының атқарылуы туралы мәлімет

    2026 жылғы қыркүйек айына арналған бюджеттің атқарылуы туралы есеп

    Жарияланды:
    Бюджет қаражатының атқарылуы туралы мәлімет

    Қыркүйек айында облыстық бюджетті нақтылауға ұсынылатын жобалар тізімі.

    «Жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер», «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» «Төмен тұрған бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен.» «Табиғи монополиялар субъектілерінің халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау»

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Ақтөбе облысының мемлекеттік органдары басшыларының 2026 жылғы 4-тоқсанға арналған азаматтарды қабылдау кестесі

    "Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы бекіткен жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері басшыларының 2026 жылғы 4-тоқсанға арналған азаматтарды жеке қабылдау кестесі. Құжатта қабылдау өткізілетін күндер, уақыты және байланыс телефондары көрсетілген."

    Жарияланды:
    Жоба

    2027-2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобалары

    «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» азаматтарды, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін және сарапшылық қоғамдастықты бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын жария талқылаудың басталғаны туралы хабардар етеді. Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңына сәйкес, ашықтықты қамтамасыз ету және қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мақсатында құжаттардың жобалары «Ашық бюджеттер» интернет-порталына орналастырылды.

    Жарияланды:
    Есеп

    2026 жылғы тамыз айына арналған бюджеттің атқарылуы туралы есеп

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.

    Жарияланды: