⚒️ Ақтөбе облысында инженерлік желілерді жаңғырту жұмыстары жүргізілуде Биыл өңірде энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту ұлттық жобасы аясында жалпы құны 30,2 млрд теңгені құрайтын 20 жоба іске асырылып жатыр. Оның 14-і бойынша мердігерлер анықталып, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Қалған жобалар бойынша дайындық шаралары жалғасуда. 📌 Жобалар аясында сумен жабдықтау, кәріз, жылу және электр желілерін жаңғырту көзделген. Негізгі міндет – инженерлік желілердің тозу деңгейін кезең-кезеңімен төмендетіп, олардың сенімділігі мен тұрақты жұмысын қамтамасыз ету. Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаевтың айтуынша, инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары алдағы жылы да жалғасады. «Инженерлік желілерді жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз коммуналдық қызметпен қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі. Биыл 20 жобаны іске асыру жоспарланса, келесі жылға жалпы құны 30,4 млрд теңгені құрайтын тағы 14 жоба қалыптастырылды. Қазірдің өзінде оларды жүзеге асыруға қажетті дайындық жұмыстары жүргізілуде», – деді Арысұлан Айтбаев. Келесі жылға жоспарланған жобаларды алдын ала пысықтау инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын үздіксіз жалғастыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте инженерлік желілердің жай-күйін жақсарту, олардың сенімділігін арттыру және коммуналдық қызметтердің тұрақтылығын қамтамасыз ету негізгі басымдық болып қала береді.
Ақтөбе облысында инженерлік желілерді жаңғыртуға 30,2 млрд теңге бағытталды
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

«Экстремизм және жастар: қауіп-қатерлер мен сақтану жолдары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру бағытындағы дөңгелек үстел өткізілді.
Жетісу облысы Алакөл ауданы Қамысқала ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Қымбат смартфон көзден ғайып болды: Қарағандыда ұрлық ашылды
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу
Елордалық оқушыларға күзгі демалыс алдында қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Астана қаласының әкімдігіАшу
Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді
Жалағаш ауданының әкімдігіАшу
Алға ауданында аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық бойынша алғашқы отырыстар өтті
Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарағаш ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
"Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы" жаңалықтары

Мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасыАшу
Мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасыАшу
Ақтөбе облысында әлеуметтік нысандарды жылу жүйесіне қосу 2 қазаннан басталады
Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасыАшу
📌 Желден өндірілетін электр қуаты артады
Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасыАшу
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ҚОРЛАУҒА ЖОЛ БЕРМЕЙІК!
Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасыАшу