Атырау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Нотариаттық палата өкілімен бірлесіп, О. Көшеков атындағы Атырау қаласының аграрлық-техникалық колледжі студенттеріне «Менің таңдауым – зорлық-зомбылықсыз өмір» тақырыбында дәріс өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасында және қоғамда өзара сыйластық пен қауіпсіз қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жастардың құқықтық және әлеуметтік сауаттылығын арттыру.
Дәріс барысында студенттерге зорлық-зомбылықтың алдын алу, өз құқықтарын қорғау және құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар өзара құрметтің маңыздылығына, жеке шекараны қорғай білуге және жанжал туындаған жағдайда дер кезінде көмекке жүгінудің қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шараларды өткізу жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауына, сондай-ақ қоғамда өзара құрмет пен зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.
«МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ – ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ӨМІР»: СТУДЕНТТЕРГЕ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Ұқсас материалдар

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
АҒА БУЫНҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
АРДАГЕРЛЕР «ВАЛЬС КОРОЛІ» ҚОЙЫЛЫМЫН ТАМАШАЛАДЫ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
1 ҚАЗАН – ҚАРТТАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
ҚАЛА ӘКІМІ АТЫНАН ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаменті" жаңалықтары
Тұщықұдық ауылдық округінде «Тегін заң көмегі» акциясы өткізілді
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаментіАшуИсатай ауданында «Тегін заң көмегі» акциясы өткізілді
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаментіАшуТАУАР БЕЛГІСІН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУ ФАКТІСІНІҢ АНЫҚТАЛУЫ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаментіАшуАтырау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері жалпы қалалық сенбілікке қатысты
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаментіАшуСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері түсіндірілді
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаментіАшу