Коронавирус инфекциясымен ауырған науқастардың тізімін жариялауға медицина қызметкерлерінің құқығы жоқ, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінің 77-бабының 11 тармағы, 134 бабының 4 тармағында әр бір азамат өзінің сырқаты жарияланбауына құқығы бар, және Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 321 бабының 2 тармағына сәйкес « Медицинажұмыскерінiң кәсiптiк немесе қызметтiк қажеттiлiксіз пациенттiң сырқаты немесе медициналық куәландыру нәтижелерi туралы мәлiметтердi жария етуi, егер бұл іс-әрекет ауыр зардаптарға әкеп соқса, – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады» делінген, ол әр бір мемлекет азаматының қорғалатын құқығы.