Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар /бұдан әрі ПМПК/ ұсынымына сәйкес білім беру ұйымы ерекше білім беру қажеттілігі бар балаға қолдау көрсетуді ұйымдастырады. Педагог-ассистент баланың орнына оқу тапсырмаларын орындамайды, тек оқу процесіне қатысуына жағдай жасайды және әлеуметтік бейімделуіне көмектеседі. Бұл қызмет білім беру ұйымының ішкі бұйрығы негізінде ұйымдастырылады.
Қазақстан Республикасында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға инклюзивті білім беру шеңберінде арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетіледі. Осындай қолдау түрлерінің бірі – педагог-ассистент қызметі. Педагог-ассистент баланың оқу процесіне бейімделуіне, сабақ барысында тапсырмаларды орындауына, мұғалімнің нұсқауларын түсінуіне және білім беру ұйымында еркін қозғалуына көмектеседі. Педагог-ассистент қызметін көрсету қажеттілігі ПМПК қорытындысы негізінде айқындалады
Мақсат: Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға көрсетілетін қолдау түрлерін және педагог-ассистент қызметін ұйымдастыру тәртібін түсіндіру.