Облыста ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін арнайы ұйымдар бар ма?

    Алматы облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Облыста ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін арнайы ұйымдар бар ма?

    Жауап

    Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері /бұдан әрі ППТК/ жеке, топтық және кіші топтық сабақтар түрінде жеке дамыту және түзету-дамыту бағдарламаларын іске асыратын арнайы білім беру ұйымы болып табылады.

    ППТК басқа арнайы білім беру ұйымдарына баратын балаларды қоспағанда, туғаннан 18 жасқа дейінгі психофизикалық дамуы бұзылған балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді.

    Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар /бұдан әрі ПМПК/ балаларды тексеру мен кеңес беруді, ерекше білім беру қажеттіліктерін және білім алу үшін арнайы жағдайларды бағалауды жүзеге асыратын білім беру ұйымы болып табылады.

    Арнайы мектеп-интернаттар мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларын іске асырады.

    Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды инклюзивті білім беру процесіне қосу мақсатында Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай аудандарында және Алатау қаласында 19 инклюзивті қолдау кабинеті жұмыс істейді.

    Мақсат: Облыста ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін арнайы ұйымдардың бар-жоғын анықтау, олардың қолжетімділігі мен қызмет көрсету мүмкіндіктерін бағалау.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жалпы білім беретін оқу орындарын лицензиялау қай құжатқа сәйкес жүргізіледі ?

    Жауап

    Жалпы орта білім беретін ұйымдарды лицензиялау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Осы процестің құқықтық негізін мыналар құрайды: «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ол лицензия берудің жалпы қағидаларын, тә...

    Сұрақ

    Үйде оқитын балаларға қорытынды баға қою тәртібі қандай?

    Жауап

    Денсаулық жағдайына байланысты үйде оқытылатын білім алушыларға бағалау жалпы білім беру ұйымдарындағы бағалау тәртібімен бірдей жүргізіледі. Білім алушының үлгерімі пән мұғалімдерінің ағымдағы бағалау, бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық бағалау нәтижелері арқылы анықта...

    Сұрақ

    Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері / ППТК/ қызметіне қалай жүгінуге болады?

    Жауап

    ППТК қызметіне жүгіну үшін ата-ана немесе заңды өкіл баланың тұрғылықты жері бойынша ППТК ұйымына өтініш береді. Өтінішке келесі құжаттар ұсынылады: баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, ата-анасының жеке куәлігі, медициналық анықтамалар, ПМПК қорытындысы (бар болған жағдайда)...

    Сұрақ

    Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға ассистент қызметі қарастырыла ма?

    Жауап

    Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар /бұдан әрі ПМПК/ ұсынымына сәйкес білім беру ұйымы ерекше білім беру қажеттілігі бар балаға қолдау көрсетуді ұйымдастырады. Педагог-ассистент баланың орнына оқу тапсырмаларын орындамайды, тек оқу процесіне қатысуына жағдай ж...

    Сұрақ

    Оқушыларға тегін жол жүру қарастырыла ма?

    Жауап

    Жеңілдік алушылар Әлеуметтік осал санаттағы оқушыларға және шалғай елді мекендерден қатынайтын балаларға жол жүру жеңілдіктері берілуі мүмкін. Мектеп тасымалы Ауылдық жерлерде мектеп автобустары арқылы тегін тасымалдау ұйымдастырылады. Қоғамдық көлік жеңілдіктері Жергілікті атқар...

    Сұрақ

    Инклюзивті сыныптарға оқушыларды қабылдау қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Ата-ананың өтініші Ата-ана немесе заңды өкіл мектепке өтініш береді. 2.Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар /бұдан әрі ПМПК/ қорытындысы Оқушыны оқыту ерекшеліктері психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы негізінде анықталады. Қажетті ж...

    Сұрақ

    Оқушыларды тасымалдау қалай ұйымдастырылады?

    Жауап

    Оқушыларды тасымалдау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік актілеріне сәйкес арнайы ұйымдастырылады. Негізгі тәртібі мынадай: 1. Қажеттілік анықтау - Ауылдық жерлерде немесе мектепке дейінгі қашықтығы 3 шақырымнан асаты...

    Сұрақ

    Оқушыны бір мектептен екінші мектепке ауыстыру тәртібі қандай?

    Жауап

    Өтініш беру Ата-ана немесе заңды өкіл қабылдайтын мектепке өтініш береді. Бос орынның болуы. Мектепте тиісті сынып бойынша бос орынның бар-жоғы анықталады. Құжаттарды тапсыру. Оқушының жеке ісі, табелі, медициналық құжаттары және басқа қажетті құжаттар ұсынылады. Бұйрық шығару. Қ...