Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (әрі қарай-Заң) 3-бабы 21) тармақшасына сәйкес
мемлекеттiк сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – шарт) – уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында веб-портал арқылы жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт.
Заңның 4-бабы 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 9-бабы 1 тармағына сәйкес Азаматтық құқықтарды қорғау сот және арбитраж арқылы жүзеге асырылады.
Тауарларды мемлекеттік сатып алу бойынша Үлгілік шарттың (әрі қарай – Үлгілік шарт) 3.1-бабына сәйкес, өнім беруші өзіне жүктелген шарттық міндеттемелерді толық және дұрыс орындауға міндеттенеді.
Сонымен қатар, Үлгілік шарттың 7.1-бабына сәйкес, тараптардың өз міндеттемелерін орындамауы немесе дұрыс орындамауы жағдайында олардың жауапкершілігі белгіленген, және барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
Тапсырыс беруші мен өнім беруші арасындағы өздерінің шарттық міндеттемелерін орындау процесінде туындаған барлық даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.
Сондықтан, даулар туындаған жағдайда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасындағы қатынастар сот тәртібімен реттелуге тиіс және Комитет тарапынан қаралуға немесе бақылауға алынбауға жатады.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Заңының 1-бабына сәйкес, сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды