Мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамамен келіспеу туралы шағымдарды қараудың тәртібі қандай?
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 589, 590-тармақтарына сәйкес Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым Мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы тиісті хаттаманы қабылдаған Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының атына веб-портал арқылы беріледі.
Шағымда мәлімделген талаптар (дәлелдер) шегінде шағымдарды қарауға жауапты Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесі не лауазымды адамы қарайды.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 25-бабының 3-тармағына сәйкес шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылданған Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа шағым жасалуы мүмкін екенін атап өткен жөн.