Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 589, 590 және 599 тармақтарына сәйкес тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы тиісті хаттаманы қабылдаған Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының атына веб-портал арқылы беріледі.
Шағымды мәлімделген талаптар (дәлелдер)шегінде шағымдарды қарауға жауапты тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесі не лауазымды адамы қарайды.
Осы Қағидалардың 588-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін берілген шағым қарауға жатпайды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген камералдық бақылау жүргізу қағидаларының 6 тармағына сәйкес камералдық бақылауды жүргізу барысында бұзушылықтарды анықтау осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген камералдық бақылау тәуекелдері бейіндерінің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Өз кезегінде, Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес, әлеуетті өнім берушіні жіберу немесе оның өтінімін қабылдамау жөніндегі шешім қабылдау бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып шартты жеңілдіктерді заңсыз қолдану бойынша тәуекел профилі көзделмеген.
Осылайша, қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алудың нәтижелері бойынша шағымдарын қарау тәртібі айқындалғанын ескере отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының аталған тармақтарын басшылыққа алу қажеттігін хабарлаймыз.
Сонымен бірге атап өту қажет, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 25-бабы 3-тармағына сәйкес, Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылдаған шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа шағым жасалуы мүмкін. |