Тапсырыс берушілер бір ғана көзден мемлекеттік сатып алуларды жүргізу туралы есепті веб-порталда орналастыруға міндетті ме?
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 510-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар), тапсырыс беруші шарт жасалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алулардың веб-порталында бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен мемлекеттік сатып алулар туралы есепті Қағидаларға 34-қосымшаға сәйкес нысанда орналастырады.
Қағидалардың 511-тармағына сәйкес, бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен мемлекеттік сатып алулар туралы есепте мынадай мәліметтер болуы тиіс:
1) мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу туралы шешім қабылдаған лауазымды адам туралы мәліметтер;
2) өнім берушіні таңдау негіздемесі;
3) мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт бағасының негіздемесі, сондай-ақ шарттың өзге де талаптары көрсетілуге тиіс.