Қандай жағдайларда бюджет қаражатын пайдалануда анықталған бұзушылықтар бюджетке қайтарылуға жатады?

    ·
    Сұрақ

    Қандай жағдайларда бюджет қаражатын пайдалануда анықталған бұзушылықтар бюджетке қайтарылуға жатады?

    Жауап

    Бюджет қаражатын пайдалану кезінде анықталған бұзушылықтар 2 түрге бөлінеді: қаржылық бұзушылықтар және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар ( Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 7-бабы 2-тармағы).

    Қаржылық бұзушылықтар деп бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды негізсіз және (немесе) мақсатсыз пайдалануға әкеп соққан қаржылық бұзушылықтар.

    Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар - бюджет қаражатының, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің, байланысты гранттардың, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздардың негізсіз пайдаланылуына әкеп соқпаған деп табылады.

    Сонымен қатар, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы бюджет өтелуге, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды беру және (немесе) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының нұсқамасы және (немесе) сот шешімі негізінде есепке алу бойынша көрсету және (немесе) қаржыландыру жоспарын азайту жолымен қалпына келтірілуге жатады.

    Мысалы, тәжірибе көрсеткендей, тапсырыс берушінің орындаушыға орындалмаған жұмыстар үшін негізсіз төлем жасауымен байланысты қаржылық бұзушылықтар жиі кездеседі. Мұндай бұзушылықтар тексеру барысында жойылады және бұл туралы аудиторлық есепте жазба жасалады немесе бұзушылықтар жойылмаған жағдайда ұйғарым жолданады.

    Айта кету керек, өтініш берушілер көбінесе процедуралық сипаттағы бұзушылықтарды қаржылық бұзушылықтармен шатастырып, бюджет қаражатын қайтаруды талап етеді, бірақ бюджетке қайтарылуға тек қаржылық бұзушылықтар жататынын ескеру қажет. Процедуралық сипаттағы бұзушылықтар бюджет қаражатын негізсіз пайдалануға әкелмейді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Тапсырыс берушілердің конкурс құжаттамасындағы негізсіз талаптар бойынша әлеуетті өнім берушілердің камералдық бақылау жүргізу мерзімі өткеннен кейін берген шағымдары қаралуға жата ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген камералдық бақылау жүргізу қағидаларының 17 тармағына сәйкес конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау мынадай бағыттар бойынша: 1) бірінші бағыт: конкурс (а...

    ·
    Сұрақ

    Әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат ұсынған факті анықталған жағдайда ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган қандай шаралар қолданады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (әрі қарай-Заң) 3-бабы 1)-тармақшасына сәйкес, анық емес ақпарат – біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша әлеуетті өнім берушінің және (немесе) тартылатын қосалқы м...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік сатып алулар бойынша бұзылған шарттың мәртебесін веб-порталда қалпына келтіру мүмкін бе?

    Жауап

    Мемлекеттік сатып алу туралы веб-порталында бұзылған шарттың мәртебесін қалпына келтіру мүмкіндігіне қатысты келесіні түсіндіреміз. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 3-бабы 21-тармағына сәйкес, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт – уәкілетті орган бек...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік сатып алу саласындағы камералдық бақылау нәтижелері бойынша уәкілетті органның шешіміне қалай шағымдануға болады?

    Жауап

    Уәкілетті орган ведомствосының және (немесе) аумақтық бөлімшесінің шешімімен келіспеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші бұл шешімге Камералдық бақылау жүргізу қағидаларына 6-қосымшада көзделген нысан бойынша қарсылық білдіруге немесе қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен со...

    ·
    Сұрақ

    Қаржылық тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда аудит объектісінің қарсылығын қайда және қандай мерзімде беру қажет?

    Жауап

    Аудит нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 58-2-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес, мемлекеттік аудит объектісінің қарсылығы қол қойылған аудиторлық есеп және (немесе) қаржылық есептілік бой...

    ·
    Сұрақ

    Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне қатысты шағымдарды қарай ма?

    Жауап

    Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 589, 590 және 599 тармақтарына сәйкес тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым мемлекеттік сатып алу қорытындылары тур...

    ·
    Сұрақ

    Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аудиторлық іс-шараларды жүргізу үшін сарапшыларды тартуға құқығы бар ма, оларды тартудың мақсаты қандай және олардың қызметтері кімнің есебінен төленеді?

    Жауап

    Государственный орган және оның аумақтық бөлімшелері өз өкілеттіктері шегінде, өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында, Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының59-тармағына сәйкес, тиісті сарапшыларды мемлекеттік аудит тобының құрамына енгізу арқылы тартады....

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша тапсырыс берушілердің әрекеттеріне қатысты (жеткізілген тауар, көрсетілген қызмет немесе орындалған жұмыс үшін уақытында төлем жасалмауы; жеткізілген тауарды қабылдаудан бас тарту және т.б.) түскен шағымдар жағдайында ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган қандай шаралар қабылдайды?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (әрі қарай-Заң) 3-бабы 21) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – шарт) – уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, та...

    ·