Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы №55 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезекке тұру үшін бірінші кезекте кезекке тұратын азаматтың атына соңғы 5 жылда тіркелген тұрғын үй болмауы керек.
Кезекке тұру үшін.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалы мен www.e.gov.kz "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде көрсетіледі.
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша қажетті құжаттар тізімі:
- Некеге тұру (бұзу) (2008 жылғы 1 маусымға дейін), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы (2007 жылғы 13 тамызға дейін), балалардың тууы туралы (2007 жылғы 13 тамызға дейін) куәліктердің көшірмесі;
- Жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған тиісті жергілікті атқарушы органның анықтамасының электрондық көшірмесі;
- Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын көрсетілетін қызметті алушы (жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және мүгедек балаларды қоспағанда) өтініш жасаған кезде қосымша ұсынады:
- Өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне табысы туралы анықтама;
- Мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санаттарына жататын көрсетілетін қызметті алушылар өтініш жасаған кезде:
- Жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманың электрондық көшірмесін қосымша ұсынады;
- Ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер:
Қазақстан Республикасының Үкіметі берген, олардың мәртебесін растайтын құжаттарды ұсынады;
- Отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмеген немесе жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатқан немесе отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы:
- Тиісті уәкілетті органның анықтамасын қосымша ұсынады.