Монументтік өнер құрылыстарын орнатудың тәртібі қандай?

    ·
    Сұрақ

    Монументтік өнер құрылыстарын орнатудың тәртібі қандай?

    Жауап

    Монументтік өнер құрылыстарын орнатудың тәртібі қандай?

    Ескерткіш орнату қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз тәртібі және мемлекет басшысының тиісті тапсырмаларын ескере отырып, жаңа ескерткіштерді орнатудың нақты алгоритмі белгіленген.

    Монументтік өнер құрылыстарын (ескерткіштер, стелалар, бюстер) орнату жұмыстары «Тарихи–мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» ҚР Заңының
    11-бабына және Монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі №103 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

    Монументтік өнер құрылыстарын орнату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 «Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» қаулысымен айқындалған көрнекті тұлғалардың мерейтойлық және атаулы күндеріне орайластырылады. Осы қаулыға сәйкес жаңа ескерткіштер белгілі тұлғалар мен айтулы оқиғалардың жүз жылдықтарына, одан кейiн әрбір ширек ғасырлық жылдарда орнатылады.

    Монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі идеялық деңгейдегі ұсыныстарын ең алдымен жергілікті әкімдіктер жанында тиянақты қарауы, жергілікті жердің даму жоспарларына сәйкестігі, экономикалық-әлеуметтік тиімділігі, идеологиялық орындылығы, маңыздылығы, мазмұндылығы сараланып, қоғам талқысына түсіп, пікірлер ескерілуі керек.

    Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) құрылыс бойынша жұмысты жоспарға сай жүргізеді. Жоспарды министрлік әзірлейді және жоспарға енгізу үшін ЖАО-лар өз ұсыныстарын қаржыландырумен, жер учаскесін бөлу туралы шешіммен тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі жергілікті комиссияның хаттамасымен растауы қажет.

    Орнатылатын құрылыстардың үздік жобаларын ЖАО-лар республикалық шығармашылық конкурс жариялау арқылы анықтайды. Осы конкурстың нәтижесінде үздік деп танылған кемінде үш жұмыс күнде жобасы монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қарауына енгізу үшін министрлікке жолданады.

    Комиссия мақұлдаған құрылыстардың жұмыс жобалары ЖАО жоғарыда көрсетілген жоспарға сәйкес мерзімде орнатады.

    Сонымен қатар жаңа ескерткіштерді орнату кезінде республикалық ономастика комиссиясы бекіткен «Тарихи тұлғалар» тізімі басшылыққа алынады.

    Осы орайда алдағы уақытта жаңа ескерткіштерді орнату жөніндегі жұмыстар жоғарыда көрсетілген жаңа қағидаларға, сондай-ақ Президенттің осы бағыттағы қосымша тапсырмаларына сай жүргізілетінін хабарлай отырып, қолданыстағы тәртіпке сәйкес келмейтін ұсыныстардың қараусыз қалдырылатын болады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Көше атауына кісі есімін беру тәртібі қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Көше атауына кісі есімін беру тәртібі қалай жүргізіледі? Көшеге кісі есімін беру үшін алдымен оның есімін «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу бойынша жұмыстар жүргізіледі. «Тарихи тұлғалар» тізімі екі жылда бір рет өзектендіріледі. Тұлғаның есімін өзектендірілетін «Тарихи тұлғалар»...

    ·
    Сұрақ

    Амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмектерді қалай алуға болады?

    Жауап

    Амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмектерді қалай алуға болады? Емханаға, фельдшерлік-акушерлік пунктке немесе дәрігерлік амбулаторияға (отбасылық денсаулық орталығына)тіркелу қажет; 2) Пациент әлеуметтік маңызы бар, созылмалы немесе қоғам үшін қауіпті ауру бойынша диспансерлі...

    ·
    Сұрақ

    Егер пациенттің сақтандыру мәртебесі болмаса, не істеу керек?

    Жауап

    Егер пациенттің сақтандыру мәртебесі болмаса, не істеу керек? 1. Қолда бар ресурстарды пайдалана отырып, берешектің мәртебесі мен кезеңдерін тексеріңіз 2. Егер қарыз болса, онда оны төлеу немесе жою қажет, бірақ алдыңғы 12 айдан аспауы керек (осы жылдың ағымдағы айынан өткен жылд...

    ·
    Сұрақ

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – деген не? Оның халыққа пайдасы барма, жоқпа?

    Жауап

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – деген не? Оның халыққа пайдасы барма, жоқпа? МӘМС жүйесі – бұл Қазақстанда қолданылатын Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі. Оның негізгі мақсаты — азаматтардың денсаулығын қорғау және әрбір сақтандырылған адамға с...

    ·
    Сұрақ

    Құрылысқа рұқсаталу тәртібі?

    Жауап

    Құрылысты заңды түрде бастау үшін мына 4 негізгі қадамнан өту қажет: 1-қадам: СЖТ (АПЗ) және Техникалық шарттарды алу Не істеу керек: eGov.kz порталы арқылы «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) және техникалық шарттарды беру» қызметіне тапсырыс бересіз.Мақсаты: Сәулет бөлімі сізге...

    ·
    Сұрақ

    ҚР Заңы бойынша заңсыз құрылыс үшін жауапкершілік қандай?

    Жауап

    МСҚБ (ГАСК) органдары Әкімшілік құқықбұзушылықтуралы кодекстің 319 немесе 321-баптары бойынша айыппұл салады (заңсыз құрылыс жүргізгені үшін). Жеке тұлғаларға 15-тен 120 АЕК-ке дейінгі айыппұл. Заңды тұлғалар үшін 2000 АЕК дейін. Ірі залал кезінде ҚР ҚК 277-бабы бойынша қылмыстық...

    ·
    Сұрақ

    Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қалай қорғауға болады?

    Жауап

    ЭЦҚ - бұл сіздің жеке деректеріңізге және мемлекеттік қызметтерге кіруге мүмкіндік беретін маңызды құрал. Оны қауіпсіз сақтау - сіздің жауапкершілігіңіз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін келесі ережелерді сақтаңыз: 1.ЭЦҚ-ны ешқашан ашық түрде электрондық пошта арқылы жібермеңіз....

    ·
    Сұрақ

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субьектілеріне кімдер кіреді және құжаттарды қандай мекеме қабылдайды ?

    Жауап

    Шиелі ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтінімдер қабылдайды. Өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140...

    ·