Амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмектерді қалай алуға болады?
Емханаға, фельдшерлік-акушерлік пунктке немесе дәрігерлік амбулаторияға (отбасылық денсаулық орталығына)тіркелу қажет; 2) Пациент әлеуметтік маңызы бар, созылмалы немесе қоғам үшін қауіпті ауру бойынша диспансерлік есепте тұруға тиіс; 3)тегін рецепт алу үшін сіз өзіңіздің учаскелік терапевтіңізге хабарласуыңыз керек.4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-75 «Белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығының 1-қосымшасы дәрілік препараттар тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.