Құрылысқа рұқсаталу тәртібі?

    ·
    Сұрақ

    Құрылысқа рұқсаталу тәртібі?

    Жауап

    Құрылысты заңды түрде бастау үшін мына 4 негізгі қадамнан өту қажет:

    1-қадам: СЖТ (АПЗ) және Техникалық шарттарды алу Не істеу керек: eGov.kz порталы арқылы «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) және техникалық шарттарды беру» қызметіне тапсырыс бересіз.Мақсаты: Сәулет бөлімі сізге жер телімінде үйді қалай орналастыру керектігін (шекарадан ,жолдан қанша метр қашықтық сақтауды) көрсетеді, ал монополистер су, жарық, газға қосылу шарттарын береді.Мерзімі: 6-дан 15 жұмыс күніне дейін (тегін).

    2-қадам: Эскиздік жобаныәзірлеу және келісу Не істеукерек: Лицензиясы бар сәулетшіге немесе жобалау ұйымына болашақ үйдің жобасын (эскизін) сыздырасыз. Одан кейін дайын эскизді eGov.kz арқылы жергілікті Сәулет бөліміне бекітуге жібересіз.Мақсаты: Сәулет бөлімі үйдің сыртқы келбеті мен биіктігінің қала құрылысы талаптарына сай екенін тексереді.Мерзімі: 10 жұмыс күніне дейін (тегін).

    3-қадам: Жобалық құжаттаманы жасау және сараптама Жеке үйлер үшін (ИЖС): Егер үйіңіз 2 қабаттан аспаса және күрделі инженерлік шешімдерді талап етпесе, мемлекеттік емес сараптамадан өту міндетті емес. Тек лицензиясы бар маман жасаған жұмыс жобасы болса жеткілікті. Коммерциялық және күрделі нысандар үшін: Жоба міндетті түрде аккредиттелген сараптамалық ұйымның оң қорытындысыналуы тиіс.

    4-қадам: ГАСК-ке хабарлама жіберу (Ең маңызды қадам!) Елицензия (elicense.kz) порталы арқылы «Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама» жолдайсыз. Қажетті мәліметтер: Хабарламаға жоғарыдағы СЖТ, келісілген эскиз нөмірлерін және құрылысты жүргізетін мердігердің немесе техникалық/авторлық қадағалаушылардың (технадзор) мәліметтерін енгізесіз.

    Нәтиже: Хабарлама жіберілген сәттен бастап (талон алғансоң) құрылысты заңды түрде бастауға құқығыңыз бар.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Көше атауына кісі есімін беру тәртібі қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Көше атауына кісі есімін беру тәртібі қалай жүргізіледі? Көшеге кісі есімін беру үшін алдымен оның есімін «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу бойынша жұмыстар жүргізіледі. «Тарихи тұлғалар» тізімі екі жылда бір рет өзектендіріледі. Тұлғаның есімін өзектендірілетін «Тарихи тұлғалар»...

    ·
    Сұрақ

    Монументтік өнер құрылыстарын орнатудың тәртібі қандай?

    Жауап

    Монументтік өнер құрылыстарын орнатудың тәртібі қандай? Ескерткіш орнату қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз тәртібі және мемлекет басшысының тиісті тапсырмаларын ескере отырып, жаңа ескерткіштерді орнатудың нақты алгоритмі белгіленген. Монументтік өнер құрылыстарын (ескерткіштер, с...

    ·
    Сұрақ

    Амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмектерді қалай алуға болады?

    Жауап

    Амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмектерді қалай алуға болады? Емханаға, фельдшерлік-акушерлік пунктке немесе дәрігерлік амбулаторияға (отбасылық денсаулық орталығына)тіркелу қажет; 2) Пациент әлеуметтік маңызы бар, созылмалы немесе қоғам үшін қауіпті ауру бойынша диспансерлі...

    ·
    Сұрақ

    Егер пациенттің сақтандыру мәртебесі болмаса, не істеу керек?

    Жауап

    Егер пациенттің сақтандыру мәртебесі болмаса, не істеу керек? 1. Қолда бар ресурстарды пайдалана отырып, берешектің мәртебесі мен кезеңдерін тексеріңіз 2. Егер қарыз болса, онда оны төлеу немесе жою қажет, бірақ алдыңғы 12 айдан аспауы керек (осы жылдың ағымдағы айынан өткен жылд...

    ·
    Сұрақ

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – деген не? Оның халыққа пайдасы барма, жоқпа?

    Жауап

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – деген не? Оның халыққа пайдасы барма, жоқпа? МӘМС жүйесі – бұл Қазақстанда қолданылатын Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі. Оның негізгі мақсаты — азаматтардың денсаулығын қорғау және әрбір сақтандырылған адамға с...

    ·
    Сұрақ

    ҚР Заңы бойынша заңсыз құрылыс үшін жауапкершілік қандай?

    Жауап

    МСҚБ (ГАСК) органдары Әкімшілік құқықбұзушылықтуралы кодекстің 319 немесе 321-баптары бойынша айыппұл салады (заңсыз құрылыс жүргізгені үшін). Жеке тұлғаларға 15-тен 120 АЕК-ке дейінгі айыппұл. Заңды тұлғалар үшін 2000 АЕК дейін. Ірі залал кезінде ҚР ҚК 277-бабы бойынша қылмыстық...

    ·
    Сұрақ

    Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қалай қорғауға болады?

    Жауап

    ЭЦҚ - бұл сіздің жеке деректеріңізге және мемлекеттік қызметтерге кіруге мүмкіндік беретін маңызды құрал. Оны қауіпсіз сақтау - сіздің жауапкершілігіңіз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін келесі ережелерді сақтаңыз: 1.ЭЦҚ-ны ешқашан ашық түрде электрондық пошта арқылы жібермеңіз....

    ·
    Сұрақ

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субьектілеріне кімдер кіреді және құжаттарды қандай мекеме қабылдайды ?

    Жауап

    Шиелі ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтінімдер қабылдайды. Өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140...

    ·