Қысқаша мазмұны
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу оқу кезеңіне тоқсанына 7 АЕК төленеді.
Өтінішті:
1) Мемлекеттік корпорацияға;
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталына беруге болады www.egov.kz.
Құжаттар тізбесі:
1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
2) мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтама.
Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі мүгедек балалардан және ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған мүгедек балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан, мүгедек балалардың ата-аналарының біріне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мемлекеттік корпорация арқылы немесе порталға құжаттары қоса берілген нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Құжаттар тізбесі:
1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
2) мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтама.