2025 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қандай өзгерістер енгізілді?

    ·
    Сұрақ

    2025 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қандай өзгерістер енгізілді?

    Жауап

    2025 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына мынадай өзгерістер енгізілді:

    Бюджеттік кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 0,01% - дан 1% - ға дейін өзгертілді;

    Бюджеттік кредит келіп түскен маман жұмыс істейтін елді мекен жататын ауданда (облыстық маңызы бар қалада, аудандық маңызы бар қалада) маманнан, оның жұбайынан(зайыбынан) және балаларынан өтініш берілген күннен бастап соңғы екі жылда меншік құқығында тұрғынжайы жоқ адамдарға беріледі.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудың мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 4 тамыздағы №74 бұйрығымен енгізілді.

    5 тармақ «теңгемен он бес жылға дейінгі мерзiмге 1 % мөлшерiндегі жылдық сыйақы мөлшерлемесі бойынша тұрғын үй сатып алуы немесе салуы үшiн кейіннен ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне бере отырып, кредиттiк шарттар жасасу арқылы беріледі»;

    ескі редакцияда 5-тармақ екінші абзац: «теңгемен он бес жылға дейінгі мерзiмге 0,01 % мөлшерiндегі жылдық сыйақы мөлшерлемесі бойынша тұрғын үй сатып алуы немесе салуы үшiн кейіннен ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне бере отырып, кредиттiк шарттар жасасу арқылы беріледі»

    18 тармақ «өтініш берген күнінен бастап соңғы екі жылда келген маман жұмыс істейтін елді мекен қарайтын ауданда (облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар) маманның, оның жұбайының және балаларының меншік құқығында тұрғын үйі жоқ көрсетілетін қызметті алушыларға ұсынылады»;

    ескі редакцияда 18-тармақ төртінші абзац: «өтініш берген күнінен бастап соңғы екі жылда келген маман жұмыс істейтін елді мекен қарайтын ауданда (облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар) маманның, оның жұбайының және балаларының тұрғын үйі жоқ көрсетілетін қызметті алушыларға ұсынылады».

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    «Дипломмен ауылға» бағдарлама бойынша қандай әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады?

    Жауап

    «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көзделген. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және туруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдени...

    ·
    Сұрақ

    Ауылдық округ дегеніміз не және оны құруға қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» Заңының 2, 11-бабына сәйкес, ауылдық округ – екі және одан да көп ауылдық елді мекендерді біріктіретін әкімшілік-аумақтық бірлік. Ауылдық округті құру шарттары мен тәртібі: Округтің жалпы халық саны кемінде 500 адам б...

    ·
    Сұрақ

    Елді мекендердің қандай түрлері бар?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 3-бабына сәйкес, елді мекендер келесі түрлерге бөлінеді: қалалар: республикалық маңызы бар қалалар, оларға ерекше мемлекеттiк маңызы бар немесе халқының саны бiр миллион адамнан асатын елдi мекендер жатады; об...

    ·
    Сұрақ

    Елді мекен деп нені есептейміз және оған қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»Заңының 2-бабына сәйкес, елді мекен – бұл халық саны кемінде 50 адамболатын, азаматтардың шаруашылық және басқа да қызметіне негізделген, халық жинақы орналасқан территория. Елді мекендер уәкілетті органдарда тіркеліп,...

    ·
    Сұрақ

    Қазақстан Республикасында қандай әкімшілік-аумақтық бірліктер бар?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 1-бабына сәйкес, әкімшілік-аумақтық құрылымға келесі бірліктер кіреді: облыс, аудан, қала, қалалық аудан, ауылдық округ, кент, ауыл (ауылдық елді мекен). Бұл бірліктер заңнамада белгіленген тәртіппен халық сан...

    ·