Елді мекендердің қандай түрлері бар?

    ·
    Сұрақ

    Елді мекендердің қандай түрлері бар?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 3-бабына сәйкес, елді мекендер келесі түрлерге бөлінеді:

    • қалалар:
    1. республикалық маңызы бар қалалар, оларға ерекше мемлекеттiк маңызы бар немесе халқының саны бiр миллион адамнан асатын елдi мекендер жатады;
    2. облыстық маңызы бар қалалар, оларға iрi экономикалық және мәдени орталықтар болып табылатын, дамыған өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымы бар және халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекендер жатады;
    3. аудандық маңызы бар қалалар, оларға аумағында өнеркәсiптік кәсіпорындар, коммуналдық шаруашылық, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының, мәдени-ағарту және сауда объектілерінің дамыған желісi бар, халқының саны кемiнде 10 мың адам болатын елдi мекендер жатады.

    - кенттер:

    Кенттер, оларға халқының саны кемiнде 3 мың адам болатын елдi мекендер жатады.

    Халық саны кемінде 2 мың болатын, жыл сайын емделу және демалу үшiн келетiндердің саны кемiнде олардың жартысын құрайтын, емдiк маңызы бар жерлерде орналасқан елдi мекендер де кенттерге теңестiрiледi. Оларға азаматтардың жазғы демалыс орындары болып табылатын, ересек халықтың кемiнде 25 пайызы ауыл шаруашылығымен тұрақты түрде айналысатын саяжай кенттері де жатады.

    • ауылдар:

    Ауылдар – халқының саны кемінде 50 адам болатын елді мекендер.

    Әр категорияда халық саны, инфрақұрылым және экономикалық мәні бойынша нақты критерийлер белгіленген, ал категория өзгерістері Заңның
    14-2-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    2025 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қандай өзгерістер енгізілді?

    Жауап

    2025 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әл...

    ·
    Сұрақ

    «Дипломмен ауылға» бағдарлама бойынша қандай әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады?

    Жауап

    «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көзделген. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және туруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдени...

    ·
    Сұрақ

    Ауылдық округ дегеніміз не және оны құруға қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» Заңының 2, 11-бабына сәйкес, ауылдық округ – екі және одан да көп ауылдық елді мекендерді біріктіретін әкімшілік-аумақтық бірлік. Ауылдық округті құру шарттары мен тәртібі: Округтің жалпы халық саны кемінде 500 адам б...

    ·
    Сұрақ

    Елді мекен деп нені есептейміз және оған қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»Заңының 2-бабына сәйкес, елді мекен – бұл халық саны кемінде 50 адамболатын, азаматтардың шаруашылық және басқа да қызметіне негізделген, халық жинақы орналасқан территория. Елді мекендер уәкілетті органдарда тіркеліп,...

    ·
    Сұрақ

    Қазақстан Республикасында қандай әкімшілік-аумақтық бірліктер бар?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 1-бабына сәйкес, әкімшілік-аумақтық құрылымға келесі бірліктер кіреді: облыс, аудан, қала, қалалық аудан, ауылдық округ, кент, ауыл (ауылдық елді мекен). Бұл бірліктер заңнамада белгіленген тәртіппен халық сан...

    ·