«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көзделген.
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және туруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, сондай-ақ ауылдар, кенттер және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады және оны аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органдары көрсетеді.
Көтерме жәрдемақы мөлшері 100 АЕК.
Аудан орталықтарында 2500 АЕК-ке дейін, ауылдық елді мекендерде 2000 АЕК-ке дейін тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит.
Бюджеттік кредит алушыларға негізгі шарт ауылдық елді мекенде орналасқан ұйымда кемінде 3 жыл жұмыс істеу міндеттемелерін өзіне қабылдау.