Елді мекен деп нені есептейміз және оған қандай талаптар қойылады?
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 2-бабына сәйкес, елді мекен – бұл халық саны кемінде
50 адам болатын, азаматтардың шаруашылық және басқа да қызметіне негізделген, халық жинақы орналасқан территория.
Елді мекендер уәкілетті органдарда тіркеліп, есепке алынады, ал олардың құрылуы немесе өзгеруі халық саның, аумақтың экономикалық және әлеуметтік мәнің, инфрақұрылымның болуын (жолдар, көлік, байланыс) ескере отырып Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.