Еңбек кітапшамдағы жазба «Қазақ ССР» деген жазуы бар мөрмен куәландырылса не істеуім керек?

    ·
    Сұрақ

    Еңбек кітапшамдағы жазба «Қазақ ССР» деген жазуы бар мөрмен куәландырылса не істеуім керек?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 15 шілдедегі «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің және Қазақстан Республикасы халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің елтаңбалы мөрлері туралы» қаулысымен:

    1. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1981 жылғы 25 желтоқсандағы № 1993-XII «Қазақ КСР халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің елтаңбалы мөрлері туралы» қаулысының;
    2. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1990 жылғы 19 қаңтардағы № 4451-ХI «Қазақ КСР халық депутаттары жергілікті Кеңестері төралқаларының елтаңбалы мөрлері туралы» қаулысының күші жойылды деп танылды.

    Сонымен қатар, 1993 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енген күні 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясы (Негізгі Заңы) өз күшін тоқтатты.

    Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына сәйкес (өтпелі ережелер-1995 жылғы 30 тамыздағы Конституцияның қабылдануына байланысты күші жойылды) екі жыл ішінде нормативтік құқықтық актілер мен өзге де құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестендірілді.

    Өтпелі кезеңді ескере отырып, "Қазақ КСР" мәтіні бар мөрмен расталған еңбек кітапшасындағы жазбалар 1995 жылғы қаңтарға дейінгі жұмыс кезеңдері үшін зейнетақы төлемдерін есептеу кезінде есепке алынады.

    1995 жылғы қаңтардан кейінгі жұмыс кезеңінде "Қазақ КСР" мәтіні бар мөрді пайдалану заңнама талаптарына сәйкес келмейді. Мұндай жағдайларда жұмыс кезеңі қосымша растауды талап етеді.

    Егер ескі үлгідегі мөр жұмыс берушінің (кадр қызметінің) кінәсінен қойылса, азамат еңбек қызметі фактісін растайтын қосымша құжаттарды ұсыну қажет, оның ішінде мұрағат мекемелерінің анықтамаларын, мемлекеттік немесе ведомстволық мұрағаттың уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған мұрағат құжаттарының электрондық көшірмелерін, жұмыс орнынан берілген анықтама.

    Растайтын құжаттар болмаған жағдайда, жұмысқа орналасу фактісі сотта анықталуы керек.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Еңбек кітапшасында түзетулер болса немесе ұйымның мөрі болмаса, еңбек өтілінде еңбек кітапшасы бойынша жұмыс кезеңдері есепке алынады ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасында зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандырудың құқықтық негіздері Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII әлеуметтік Кодексімен (бұдан әрі - Кодекс), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 202...

    ·
    Сұрақ

    МӘС қорытындысына келіспеу жағдайында шешімге шағымдану мерзімі

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережелеріне» сәйкес, медициналық-әлеуметтік сараптамаға жататын тұлға немесе оның заңды өкілі сараптамалық қор...

    ·
    Сұрақ

    Медициналық-әлеуметтік сараптаманы өткізу кезінде негізгі нормативтік акт қандай?

    Жауап

    Медициналық-әлеуметтік сараптаманы өткізу кезінде негізгі нормативтік акт ретінде Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі және 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 санды Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Медициналық-әлеуметтік сараптама жүр...

    ·