МӘС қорытындысына келіспеу жағдайында шешімге шағымдану мерзімі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережелеріне» сәйкес, медициналық-әлеуметтік сараптамаға жататын тұлға немесе оның заңды өкілі сараптамалық қорытындыға келіспеген жағдайда, оны алған күннен бастап үш ай ішінде шағымды әкімшілік органға немесе әкімшілік актіге, әкімшілік іс-әрекетке (әрекетсіздікке) жауапты лауазымды тұлғаға жолдайды.
Шағымдану Қазақстан Республикасының Әкімшілік процессуалдық-процедуралық кодексінің талаптарына сәйкес жүргізіледі және шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қаралады.