Көпбалалы отбасыға төленетін жәрдемақының тоқтауына не себеп болуы мүмкін?

    «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕКТТІК МЕКЕМЕСІ

    Сұрақ

    Көпбалалы отбасыға төленетін жәрдемақының тоқтауына не себеп болуы мүмкін?

    Жауап

    Қазақстан Республикасында көпбалалы отбасыларға жәрдемақы төлеу тәртібі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (әрі қарай-Кодекс) нормаларымен реттеледі.

    Кодекстің 92-бабы 3 тармағына сәйкес көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны төлеуді тоқтатуға:

    1) баланың қайтыс болуы;

    2) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын баланы ол он сегіз жасқа толғаннан кейін оқудан шығару;

    3) баланы мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне беру;

    4) өтініш берушінің көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны заңсыз тағайындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсынуы;

    5) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе ата-ана құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету;

    6) көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны алушыға қатысты оның Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісінің анықталуы негіз болып табылады.

    7) Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны алушының сот бас бостандығынан айыру түрінде тағайындаған қылмыстық жазаны өтеуі туралы мәлімет.

    Бұл ретте көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы балалардың заңды өкіліне осы жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы болып тағайындалған адамға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленген күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін төленеді;

    Бала он сегіз жасқа толғанда, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша оқуын жалғастырған жағдайда, жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен бастап (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) төленеді.

    Алайда, егер бала Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 «Білім туралы» Заңының 37-бабының 2 тармағы 2-1) тармақшасына сәйкес дайындық курсында оқитын болса, жәрдемақы жоғары оқу орнына түскенше дейін тоқтатыла тұрады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Еңбек кітапшамдағы жазба «Қазақ ССР» деген жазуы бар мөрмен куәландырылса не істеуім керек?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 15 шілдедегі «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің және Қазақстан Республикасы халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің елтаңбалы мөрлері туралы» қаулысымен: Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1981 жылғы 25 желтоқсандағы...

    Сұрақ

    Еңбек кітапшасында түзетулер болса немесе ұйымның мөрі болмаса, еңбек өтілінде еңбек кітапшасы бойынша жұмыс кезеңдері есепке алынады ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасында зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандырудың құқықтық негіздері Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII әлеуметтік Кодексімен (бұдан әрі - Кодекс), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 202...

    Сұрақ

    МӘС қорытындысына келіспеу жағдайында шешімге шағымдану мерзімі

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережелеріне» сәйкес, медициналық-әлеуметтік сараптамаға жататын тұлға немесе оның заңды өкілі сараптамалық қор...

    Сұрақ

    Медициналық-әлеуметтік сараптаманы өткізу кезінде негізгі нормативтік акт қандай?

    Жауап

    Медициналық-әлеуметтік сараптаманы өткізу кезінде негізгі нормативтік акт ретінде Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі және 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 санды Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Медициналық-әлеуметтік сараптама жүр...