Жұмыстан босатылған кезде жалақы мен есеп айырысу қандай мерзімде төленуі керек?
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 113-бабына сәйкес жалақы айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді. Жалақы төлеу күні еңбек шартында, ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актісінде белгіленеді. Еңбек шарты тоқтатылған кезде қызметкерге тиесілі барлық сомаларды төлеу (нақты жұмыс істеген уақыты үшін жалақы, пайдаланылмаған ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы үшін өтемақы және өзге де төлемдер) ол тоқтатылғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.