Қараой ауылдық округіне қарасты Тілендиев және Қараой ауылындағы сібір жарасының санитарлық қорғау аймағына кіріп тұрған жер телімдерінің иелері құжаттарын қашан рәсімдей алады?

    ·
    Сұрақ

    Қараой ауылдық округіне қарасты Тілендиев және Қараой ауылындағы сібір жарасының санитарлық қорғау аймағына кіріп тұрған жер телімдерінің иелері құжаттарын қашан рәсімдей алады?

    Жауап

    Аталған ауылдар бойынша санитарлық аумаққа 800-ден аса жер телімдері кіріп, құжаттарын рәсімдей алмай отыр. Жыл басында Сібір жарасының нақты орнын анықтау бойынша комиссия құрылып, нәтежиесінде сібір жарасының нақты орыны белгіленіп, комиссия отырысы оң қорытынды алған болатын.

    Нұрғиса Тілендиев ауылыңың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына өзгеріс енгізу бойынша Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жоба 2026 жылы мемлекеттік сараптамаға ұсынылады.

    Қараой ауылы бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысы дайын болған жағдайда, жоба 2026 жылғы 1 тоқсандағы мәслихаттың қарауына ұсынылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Әкімшілік ауылдың айнасы, тозығы жеткен әкімшілік ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіледі ма?

    Жауап

    Қараой ауылдық округі әкімінің ғимаратының жағдайы қанағаттанарлық емес, жобалық сметалық құжаттама әзірленді және 2026 жылға арналған бюджеттік өтінім берілді. Жөндеу жұмыстары бюджеттік қаражат бөлінген жағдайда жүзеге асырылады.

    ·
    Сұрақ

    Тілендиев ауылындағы 3 аусымды мектептің мәселесін шешу үшін салынып жатқан «Жайлы мекпеп» қашан қолданысқа беріледі?

    Жауап

    «Жайлы мектеп» жобасы аясында 900 орындық мектеп құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қазіргі уақытта нысанның 80%-ы аяқталған. Құрылыстың негізгі жұмыстарын – құрылыс-монтаж, инженерлік желілерді тарту, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары қамтиды. Мектептің құрылыс сапасы мен қауіпсізді...

    ·
    Сұрақ

    Қараой ауылында салынып жатқан 114 пәтер жайлы айта кетсеңіз.

    Жауап

    Қараой ауылының Жаңақұрылыс аумағында 57 жер телімінде екі пәтерлі 114 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Құрылыстың негізгі мақсаты – ауылдағы тұрғын үй тапшылығын азайту және әлеуметтік санаттағы азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету (СУСН). Аталған тұрғын үйлер...

    ·
    Сұрақ

    Қосөзен ауылынан Алматы қаласына қатынайтын қоғамдық көліктің тозығы жеткен, жиі істен шығады. Сол автобустар қашан жаңартылады?

    Жауап

    Қазіргі уақытта Алматы облысының автопаркінен қосымша 2 автобус бөлінді. Бүгінде аталған бағытта 5 қоғамдық көлік қызмет көрсетуде.

    ·
    Сұрақ

    Қосөзен ауылының кіре беріс Орталық, Таугүл көшелеріне асфальт төселеді ма?

    Жауап

    2025 жылы Қосөзен ауылының - 3 көшеге асфальт, 2 көшеге шұңқыр жамау жұмыстары жүргізілді. Кіре беріс Орталық, Таугүл көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары да 2026 жылғы жоспарға енгізілді.

    ·
    Сұрақ

    Тілендиев ауылының жаңақұрылысындағы орталық Ақниет, Бесмойнақ, Шығыс көшелеріне және ескі ауылдың Алматы көшесіне қашан асфальт төселеді?

    Жауап

    Тілендиев ауылында 2025 жылы 4 көшеге асфальт төселді, 7 көшеге тас-құм төгілді. Жөндеуді қажет ететін көшелер бойынша 2025 жылдың IV тоқсанында Іле ауданының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ақау актісі әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылды. 2026 жылға аталған к...

    ·
    Сұрақ

    Қосөзен ауылының жаңақұрылысындағы электр желілерінде жиі апатты жағдай туындайды, сол туралы айта кетсеңіз.

    Жауап

    Жаңақұрылыс аумағындағы ұзындығы 15 км көшелерге (Жастар, Самал, Алтын Күн, Шымбұлақ, Ақжол, Қарасу) электр желілерін жаңарту және 2 трансформатор орнату бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынған жағдайда, жұмыстар 2026 жылдың ІІ...

    ·