Тілендиев ауылының жаңақұрылысындағы орталық Ақниет, Бесмойнақ, Шығыс көшелеріне және ескі ауылдың Алматы көшесіне қашан асфальт төселеді?
Тілендиев ауылында 2025 жылы 4 көшеге асфальт төселді, 7 көшеге тас-құм төгілді. Жөндеуді қажет ететін көшелер бойынша 2025 жылдың IV тоқсанында Іле ауданының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ақау актісі әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылды. 2026 жылға аталған көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жоспарға енгізілді.