"Іле ауданының Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

    Әкімдік туралы

    «Іле ауданының Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы орган, ауыл аумағында жергілікті басқару фукциясын жүргізеді, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Әкімшілік ауылдың айнасы, тозығы жеткен әкімшілік ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіледі ма?

    Жауап

    Қараой ауылдық округі әкімінің ғимаратының жағдайы қанағаттанарлық емес, жобалық сметалық құжаттама әзірленді және 2026 жылға арналған бюджеттік өтінім берілді. Жөндеу жұмыстары бюджеттік қаражат бөлінген жағдайда жүзеге асырылады.

    ·
    Сұрақ

    Тілендиев ауылындағы 3 аусымды мектептің мәселесін шешу үшін салынып жатқан «Жайлы мекпеп» қашан қолданысқа беріледі?

    Жауап

    «Жайлы мектеп» жобасы аясында 900 орындық мектеп құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қазіргі уақытта нысанның 80%-ы аяқталған. Құрылыстың негізгі жұмыстарын – құрылыс-монтаж, инженерлік желілерді тарту, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары қамтиды. Мектептің құрылыс сапасы мен қауіпсіздігі бақылауда. Жоба заманауи білім беру стандарттарына сәйкес сынып бөлмелері, спорт және акт залдары, кітапхана, асхана және басқа да қажетті инфрақұрылымдарды қамтиды. Құрылысты аяқтау және мектептің пайдалануға берілуі жоспарланған мерзімде жүзеге асырылады.

    ·
    Сұрақ

    Қараой ауылында салынып жатқан 114 пәтер жайлы айта кетсеңіз.

    Жауап

    Қараой ауылының Жаңақұрылыс аумағында 57 жер телімінде екі пәтерлі 114 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Құрылыстың негізгі мақсаты – ауылдағы тұрғын үй тапшылығын азайту және әлеуметтік санаттағы азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету (СУСН). Аталған тұрғын үйлер «Тұрғын үй кезегінде тұрған» азаматтарға, яғни әлеуметтік осал топтарға, көпбалалы отбасыларға, толық емес отбасыларға, мүгедектігі бар азаматтарға және мемлекеттік қызметшілерге заңда белгіленген кезек тәртібімен берілетін болады «Отбасы банк» арқылы. Қазіргі уақытта инженерлік инфрақұрылым тарту, сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. Құрылысты аяқтау және нысандарды пайдалануға беру 2026 жылға жоспарланған.

    ·
    Сұрақ

    Қосөзен ауылынан Алматы қаласына қатынайтын қоғамдық көліктің тозығы жеткен, жиі істен шығады. Сол автобустар қашан жаңартылады?

    Жауап

    Қазіргі уақытта Алматы облысының автопаркінен қосымша 2 автобус бөлінді. Бүгінде аталған бағытта 5 қоғамдық көлік қызмет көрсетуде.

    ·
    Сұрақ

    Қосөзен ауылының кіре беріс Орталық, Таугүл көшелеріне асфальт төселеді ма?

    Жауап

    2025 жылы Қосөзен ауылының - 3 көшеге асфальт, 2 көшеге шұңқыр жамау жұмыстары жүргізілді. Кіре беріс Орталық, Таугүл көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары да 2026 жылғы жоспарға енгізілді.

    ·