Қосөзен ауылының жаңақұрылысындағы электр желілерінде жиі апатты жағдай туындайды, сол туралы айта кетсеңіз.
Жаңақұрылыс аумағындағы ұзындығы 15 км көшелерге (Жастар, Самал, Алтын Күн, Шымбұлақ, Ақжол, Қарасу) электр желілерін жаңарту және 2 трансформатор орнату бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынған жағдайда, жұмыстар 2026 жылдың ІІ тоқсанында жүзеге асырылады.