"Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Заңның нормалары негізінде дара кәсіпкерлер бухгалтерлік есеп жүргізуді (бастапқы құжаттарды жасаудан және сақтаудан басқа) және қаржылық есептілікті жасауды бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес жүзеге асырмауға құқылы:
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданады және күнтізбелік жылдағы табысы айлық есептік көрсеткіштің 135000 еселенген мөлшерінен ( 583 875 000 теңге) аспайды.
2) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрмайды;
3) Табиғи монополиялар субъектілері болып табылмайды.
Осы тармақта көрсетілген шарттардың бірі сәйкес келмеген жағдайда, дара кәсіпкер осындай сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асыруға міндетті.
Осылайша, дара кәсіпкер жоғарыда аталған заңның нормаларына сәйкес болған кезде бастапқы құжаттаманы қоспағанда, бухгалтерлік есепті жүргізбеуге құқылы. Бухгалтерді тарту кәсіпкердің дербес шешімі болып табылады.