Дара кәсіпкер оңайлатылған декларация бойынша қызметті жүзеге асыра отырып, бухгалтерлік есеп жүргізуі керек пе?

    Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

    Сұрақ

    Дара кәсіпкер оңайлатылған декларация бойынша қызметті жүзеге асыра отырып, бухгалтерлік есеп жүргізуі керек пе?

    Жауап

    "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы"Заңның нормалары негізінде дара кәсіпкерлер бухгалтерлік есеп жүргізуді (бастапқы құжаттарды жасаудан және сақтаудан басқа) және қаржылық есептілікті жасауды бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес жүзеге асырмауға құқылы:

    1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданады және күнтізбелік жылдағы табысы айлық есептік көрсеткіштің 135000 еселенген мөлшерінен ( 583 875 000 теңге) аспайды;

    2) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрмайды;

    3) табиғи монополия субъектілері болып табылмайды.

    Осы тармақта көрсетілген шарттардың бірі сәйкес келмеген жағдайда, дара кәсіпкер осындай сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асыруға міндетті.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Егер екінші деңгейлі банк, микрокаржы ұйымы немесе коллекторлық агенттік болып табылмайтын заңды тұлға алдындағы орындалмаған міндеттемелер сомасы 1600 АЕК-тен аспаса, сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш беруге бола ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімі борышкердің мүлкі болған жағдайда немесе екінші деңгейлі банктерге, микрокаржы ұйымдарына, коллекторлық агентті...

    Сұрақ

    Қаржы басқарушысы уәкілетті органмен қандай мерзімде және қалай тағайындалады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңының 1-бабының 9) тармақшасына сәйкес қаржы басқарушысы – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдерін жүзеге асыратын тұ...

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасы азаматтарының сот арқыл банкроттық рәсімінде борышкердің мүлкін тікелей сату әдісімен сату қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңының 39-бабына сәйкес борышкердің мүліктік массасын өткізу тәртібі айқындалған.Борышкердің мүліктік массасын сату қаржылық басқарушы арқылы электрондық...

    Сұрақ

    Борышкер қаржы басқарушының қызметіне ақы төлеуді қандай мерзімде жүргізе алады және қандай жағдайларда бұл қызмет мемлекет есебінен қаржыландырылады?

    Жауап

    Қаржы басқарушысы төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімі бойынша қызметін уәкілетті орган тағайындаған күннен бастап бастайды.Осы күннен бастап қаржы басқарушысы сыйақы алуға құқылы болады. Заңның 23-бабының 3-тармағына сәйкес мұндай сыйақы борыш...

    Сұрақ

    Қаржы басқарушысы кім бола алады?

    Жауап

    Қаржы басқарушысы ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарламасы Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік электрондық рұқсаттар мен хабарламалар тізіліміне енгізілген Қазақстан Республикасының азаматы әрекет ете алады.Қаржы бас...

    Сұрақ

    Әкімшілер хабарландыруларды қай сайт арқылы жіберуі тиіс?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 12-бабының 13-тармағына сәйкес әкімші уәкілетті органмен және өзге тұлғалармен уәкілетті орган белгілеген тәртіппен электрондық тәсіл арқылы өзара іс-қимыл жасауға құқылы.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің...

    Сұрақ

    Мүліктік масса дегеніміз не және оның құрамына не кіреді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 21) тармақшасына сәйкес мүліктік масса – бұл банкроттық рәсімі барысында өндіріп алуға жататын банкроттың мүлкі, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге тұлғалардың мүлкі.Заңның 96-ба...

    Сұрақ

    Банкроттың мүлкі қандай тәсілмен сатылады және оны сату жоспарын кім әзірлейді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 99-бабының 1-тармағына сәйкес банкроттың мүлкін, оның ішінде талап ету құқықтарын сату банкроттық басқарушы тарапынан сату жоспарына сәйкес электрондық аукцион өткізу немесе тікелей сату әдісі арқ...