Бейрезиденттен жұмыстарды, қызметтерді сатып алу бойынша айналымдар бойынша ЭШФ жазып беруді енгізу осындай айналымдарды күрделі әкімшілендірумен байланысты. Ақпараттық жүйелерде ҚҚС бойынша декларацияны тапсырғанға дейін ақпараттың болмауы (300.00-нысан) ҚҚС есепке жатқызу сомасы бойынша ақпараттың бұрмалануына және ҚҚС бойынша сапасыз камералдық бақылауға алып келеді.
Бейрезидент үшін ҚҚС бойынша ЭШФ жазып беру бейрезидент үшін ҚҚС бюджетке төленген күннен кейін, бірақ осындай төленген күннен кейін күнтізбелік 5 күннен кешіктірілмей өз атына жүргізіледі. Өз кезегінде ҚҚС төлеуші бейрезидент үшін ЭШФ жазып берген күн бойынша жазып берілген ЭШФ негізінде ҚҚС сомасын жатқызуға құқылы.
Осылайша, ұсынылған механизм ҚҚС сомасын есепке жатқызу күнін біржақты анықтауға мүмкіндік береді, бұл әкімшілендіруді жеңілдетеді және камералдық бақылау хабарламаларының санын азайтады.
Бейрезидент үшін ЭШФ-ны ЭШФ АЖ порталында да, СТ пайдаланатын есепке алу жүйелері арқылы да жазып беруге болады (мысалы, 1С). "ЭШФ" журналында "ЭШФ құру" түймесін басып, "бейрезидент (жұмыс, қызмет көрсетуші)"өнім берушінің санатын таңдау керек.
Осы санатты таңдағаннан кейін сіздің деректеріңіз автоматты түрде "алушы" бөліміне жіберіледі және тіркеу кезінде көрсетілген деректер бойынша алдын ала толтырылады. "Жеткізуші" бөлімін толтыру үшін қол жетімді болады – бұл бөлімде бейрезиденттің мәліметтерін енгізу қажет.
Егер бейрезидент ЕАЭО елінен болса (RU, BY, KG, AM), оның сәйкестендіруін (ЖСН/БСН) қосымша көрсету қажет.