ШЖК тартуға жұмыс берушіге рұқсатты қалай алуға болады

    Алматы облысының әкімдігі

    Сұрақ

    ШЖК тартуға жұмыс берушіге рұқсатты қалай алуға болады

    Жауап

    Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту" мемлекеттік қызметін алу үшін жұмыс беруші не ол уәкілеттік берген тұлға "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша жергілікті атқарушы органға ұсынады www.egov.kz, www.elicense (бұдан әрі – ЭҮП) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет талаптары) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінішті ұсынады.

    - Жергілікті атқарушы органның қызметкері жұмыс беруші мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес өтініш пен құжаттарды ұсынған кезде оларды қабылдауды және тіркеуді өтініш келіп түскен күннен кейін бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

    Жергілікті атқарушы орган өтініш тіркелген сәттен бастап 6 жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және құрамына осы Қағидалардың 10 – тармағында көзделген ұйымдардың өкілдері кіретін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі-Комиссия) қарауына береді.

    Комиссияның құрамын жергілікті атқарушы органның басшысы бекітеді.

    - Рұқсатты беру не беруден бас тарту туралы шешім жұмыс берушінің құжаттары тіркелген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган басшысының бұйрығы түрінде қабылданады.

    Жергілікті атқарушы орган жергілікті атқарушы орган құратын комиссияның ұсынымдары негізінде шешім қабылдайды.

    Комиссияның әрбір отырысы барысында жұмыс берушілердің өтініштерін қараудың бейнежазбасы жүргізіледі.

    . Комиссия құрамына ішкі істер органдарының, білім беру саласындағы органның және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімше өкілдері кіреді

    Жергілікті атқарушы органның рұқсаттарды беруі немесе ұзартуы мынадай шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады:

    1) жіберуші тараптың персоналды ұсыну жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған шарт шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыратын қызметкерлерін ескере отырып, бірінші және екінші санаттарға жататын жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде 70 %-ы Қазақстан Республикасы азаматтарының саны;

    2) жіберуші тараптың персоналды ұсыну жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған шарт шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыратын қызметкерлерін ескере отырып, үшінші және төртінші санаттарға жататын жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде 90 %-ы Қазақстан Республикасы азаматтарының саны.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жалпы білім беретін оқу орындарын лицензиялау қай құжатқа сәйкес жүргізіледі ?

    Жауап

    Жалпы орта білім беретін ұйымдарды лицензиялау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Осы процестің құқықтық негізін мыналар құрайды: «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ол лицензия берудің жалпы қағидаларын, тә...

    Сұрақ

    Үйде оқитын балаларға қорытынды баға қою тәртібі қандай?

    Жауап

    Денсаулық жағдайына байланысты үйде оқытылатын білім алушыларға бағалау жалпы білім беру ұйымдарындағы бағалау тәртібімен бірдей жүргізіледі. Білім алушының үлгерімі пән мұғалімдерінің ағымдағы бағалау, бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық бағалау нәтижелері арқылы анықта...

    Сұрақ

    Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері / ППТК/ қызметіне қалай жүгінуге болады?

    Жауап

    ППТК қызметіне жүгіну үшін ата-ана немесе заңды өкіл баланың тұрғылықты жері бойынша ППТК ұйымына өтініш береді. Өтінішке келесі құжаттар ұсынылады: баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, ата-анасының жеке куәлігі, медициналық анықтамалар, ПМПК қорытындысы (бар болған жағдайда)...

    Сұрақ

    Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға ассистент қызметі қарастырыла ма?

    Жауап

    Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар /бұдан әрі ПМПК/ ұсынымына сәйкес білім беру ұйымы ерекше білім беру қажеттілігі бар балаға қолдау көрсетуді ұйымдастырады. Педагог-ассистент баланың орнына оқу тапсырмаларын орындамайды, тек оқу процесіне қатысуына жағдай ж...

    Сұрақ

    Оқушыларға тегін жол жүру қарастырыла ма?

    Жауап

    Жеңілдік алушылар Әлеуметтік осал санаттағы оқушыларға және шалғай елді мекендерден қатынайтын балаларға жол жүру жеңілдіктері берілуі мүмкін. Мектеп тасымалы Ауылдық жерлерде мектеп автобустары арқылы тегін тасымалдау ұйымдастырылады. Қоғамдық көлік жеңілдіктері Жергілікті атқар...

    Сұрақ

    Инклюзивті сыныптарға оқушыларды қабылдау қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Ата-ананың өтініші Ата-ана немесе заңды өкіл мектепке өтініш береді. 2.Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар /бұдан әрі ПМПК/ қорытындысы Оқушыны оқыту ерекшеліктері психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы негізінде анықталады. Қажетті ж...

    Сұрақ

    Оқушыларды тасымалдау қалай ұйымдастырылады?

    Жауап

    Оқушыларды тасымалдау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік актілеріне сәйкес арнайы ұйымдастырылады. Негізгі тәртібі мынадай: 1. Қажеттілік анықтау - Ауылдық жерлерде немесе мектепке дейінгі қашықтығы 3 шақырымнан асаты...

    Сұрақ

    Облыста ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін арнайы ұйымдар бар ма?

    Жауап

    Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері /бұдан әрі ППТК/ жеке, топтық және кіші топтық сабақтар түрінде жеке дамыту және түзету-дамыту бағдарламаларын іске асыратын арнайы білім беру ұйымы болып табылады. ППТК басқа арнайы білім беру ұйымдарына баратын балаларды қоспағанда...