Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыруға жауапкершілік тікелей сол мемлекеттік органдарға жүктеледі. Бұл талап Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №109/НҚ бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларында» белгіленген.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы №401-V Заңының 6-2-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының мазмұны мен ақпараттық толықтырылуы бойынша талаптарды бекіту уәкілетті органның құзыретіне кіреді.
Осыған орай, әрбір мемлекеттік орган өздерінің ресми интернет-ресурсын уақытылы және өзекті ақпаратпен қамтамасыз етуге міндетті.