Облыс аумағында жұмыс істейтін «Иегова куәгерлері» діни бірлестігінің филиалдары ҚР әділет органдарында ресми тіркелген. Бірлестіктің діни қызметіне қатысу ерікті негізде құрылады.
Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 3-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген. Осы қағидатқа сәйкес мемлекет діни бірлестіктердің ішкі қызметіне араласпайды. Алайда, сіздің сұрағыңыздың күрделілігін ескере отырып, басқарма тарапынан көрсетілген діни бірлестік қызметі бойынша мониторингтік жұмыстар жүргізіледі.
Сонымен қатар, егер діни бірлестіктің қызметі Сізге және сіздің отбасыңыздың мүшелеріне деструктивті әсер етудің дәлелденген фактілерінде көрінсе, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келсе және діни бірлестік тарапынан материалдық құндылықтарды (ақшаны, мүлікті) тапсыруға мәжбүрлеу фактілері орын алған жағдайда құқық қорғау органдарына, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен конституциялық құқықтардың бұзылғаны немесе заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы екеніңізді хабарлаймыз.