Қол қойылғаннан кейін шартқа өзгерістер енгізуге бола ма?

    Алматы облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Қол қойылғаннан кейін шартқа өзгерістер енгізуге бола ма?

    Жауап
    1. Өнiм берушiнi таңдауға негiз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермеуі талабымен шарттың жобасына өзгерiстер енгiзуге мынадай өзара байланысты талаптар сақталған кезде:

    1) конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, тараптардың бірі шарттың жобасына өзгерістер енгізуге бастамашы болса;

    2) шарт жобасының сомасын азайту бөлігінде өзгеріс енгізуге жол берілсе;

    3) шарт жобасының сомасын азайту бөлігінде өзгеріс енгізу туралы шешім тараптардың өзара келісуі бойынша қабылданса;

    4) егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарса, екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге жіберілетін шарттың орындалу мерзімін бес жұмыс күніне ұлғайту бөлігінде шарттың жобасына өзгеріс енгізілсе, жол беріледі.

    Осы тармақта көзделген талаптарды сақтамай, шарттың жобасына өзгеріс енгізуге жол берілмейді.

    1. Жасалған шартқа өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермеуі талабымен:

    1) тараптардың өзара келiсуі бойынша тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаны және тиiсiнше шарттың сомасын азайту бөлiгiнде;

    2) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен осындай өзгеріс сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса, шарттың сомасын ұлғайту бөлігінде;

    3) сатып алынатын тауарлардың, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жасалған шартында көрсетілген тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін бағаның өзгермеуі талабымен осы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлеміне қажеттіліктің азаюына не ұлғаюына байланысты шарттың сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде өзгеріс енгізуге жол беріледі. Көрсетілетін көлік қызметтерін, көрсетілетін байланыс қызметтерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тамақтануын ұйымдастыруға байланысты тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, жасалған шартты осындай өзгертуге осы мемлекеттік сатып алу бойынша қалыптасқан үнемдеу шегінде жол беріледі;

    4) егер өнім беруші өзімен жасалған шартты орындау процесінде тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағаның өзгермеуі талабымен өзімен жасалған шарттың нысанасы болып табылатын тауарды берудің, жұмысты орындаудың, қызметті көрсетудің неғұрлым үздік сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларын не мерзімдерін және (немесе) талаптарын ұсынса;

    5) Қазақстан Республикасының салық, кеден және өзге де заңнамасының өзгеруiнен туындаған, аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) қаржы жылындағы (жылдарындағы) жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарттың сомасын азайту немесе ұлғайту бөлiгiнде;

    6) аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) қаржы жылындағы (жылдарындағы) жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету туралы шарттың сомасын азайту бөлiгiнде;

    7) жасалған шарт сомасының өзгермеуі талабымен жылдар бойынша қаржыландыру өзгертілген жағдайда, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету туралы шарттар бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту бөлiгiнде;

    8) тапсырыс берушінің және (немесе) өнім берушінің лауазымды адамына қатысты шарттың орындалуына байланысты қылмыстық іс қозғалған жағдайда, жұмыстарды орындау туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін өзгерту бөлігінде;

    9) егер өнім беруші берілетін тауардың өндірушісі болып табылса, тауарды беру туралы шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде өзгеріс енгізуге жол беріледі. Жасалған шартты осылай өзгертуге ағымдағы қаржы жылы шегінде өнім берушінің хабарламасы бойынша он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге жол беріледі;

    10) төтенше жағдайдың не карантиндік шектеулердің енгізілуіне байланысты шарттың орындалу мерзімдерін өзгерту бөлігінде өзгеріс енгізуге жол беріледі. Жасалған шартты осылай өзгертуге өнім берушінің хабарламасы бойынша ағымдағы қаржы жылы шегінде жол беріледі;

    11) өнім беруші ақшалай талапты басқаға беріп қаржыландыру (факторинг) шартын жасасқан кезде ақша алушының деректемелерін (банктік шоттарын) өзгерту бөлігінде;

    12) тапсырыс берушінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша күн сайынғы немесе апта сайынғы қажеттілік шартының қолданысын конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және шарт күшіне енгенге дейінгі, бірақ екі айдан аспайтын кезеңге ұзарту бөлігінде өзгеріс енгізуге жол беріледі. Жасалған шартты осылай өзгертуге мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі ішінде, бірақ екі айдан аспайтын мерзімде тапсырыс берушінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде жол беріледі;

    13) шарт нысанасында қаржыландыру көзін, бюджет шығыстарының бюджеттік сыныптамасының (өзіндік ерекшелік) кодтарын өзгерту бөлігінде (мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер үшін);

    14) тұрақсыздық айыбын, айыппұлды, өсімпұлды ұстап қалуға (өндіріп алуға) байланысты шарт сомасын азайту бөлігінде;

    15) тапсырыс берушінің және (немесе) өнім берушінің деректемелерін (банктік шоттарын) өзгерту бөлігінде;

    16) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен тарифтердің (бағалардың) өзгеруіне байланысты шарт сомасын өзгерту бөлігінде;

    17) өнім берушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюға немесе өнім берушіні тіркеу есебінен шығаруға байланысты шарт сомасын өзгерту бөлігінде;

    18) өнім берушінің еңсерілмейтін күш салдарынан өз міндеттемелерін орындауы мүмкін болмауына байланысты, оның ішінде тапсырыс берушінің жұмыстарды орындау орнын пайдалануға тыйым салуына не шартта жоспарланбаған сынақтар және (немесе) сараптамалар жүргізуге байланысты жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету туралы шарттар бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту бөлігінде өзгеріс енгізуге жол беріледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жалпы білім беретін оқу орындарын лицензиялау қай құжатқа сәйкес жүргізіледі ?

    Жауап

    Жалпы орта білім беретін ұйымдарды лицензиялау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Осы процестің құқықтық негізін мыналар құрайды: «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ол лицензия берудің жалпы қағидаларын, тә...

    Сұрақ

    Үйде оқитын балаларға қорытынды баға қою тәртібі қандай?

    Жауап

    Денсаулық жағдайына байланысты үйде оқытылатын білім алушыларға бағалау жалпы білім беру ұйымдарындағы бағалау тәртібімен бірдей жүргізіледі. Білім алушының үлгерімі пән мұғалімдерінің ағымдағы бағалау, бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық бағалау нәтижелері арқылы анықта...

    Сұрақ

    Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері / ППТК/ қызметіне қалай жүгінуге болады?

    Жауап

    ППТК қызметіне жүгіну үшін ата-ана немесе заңды өкіл баланың тұрғылықты жері бойынша ППТК ұйымына өтініш береді. Өтінішке келесі құжаттар ұсынылады: баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, ата-анасының жеке куәлігі, медициналық анықтамалар, ПМПК қорытындысы (бар болған жағдайда)...

    Сұрақ

    Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға ассистент қызметі қарастырыла ма?

    Жауап

    Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар /бұдан әрі ПМПК/ ұсынымына сәйкес білім беру ұйымы ерекше білім беру қажеттілігі бар балаға қолдау көрсетуді ұйымдастырады. Педагог-ассистент баланың орнына оқу тапсырмаларын орындамайды, тек оқу процесіне қатысуына жағдай ж...

    Сұрақ

    Оқушыларға тегін жол жүру қарастырыла ма?

    Жауап

    Жеңілдік алушылар Әлеуметтік осал санаттағы оқушыларға және шалғай елді мекендерден қатынайтын балаларға жол жүру жеңілдіктері берілуі мүмкін. Мектеп тасымалы Ауылдық жерлерде мектеп автобустары арқылы тегін тасымалдау ұйымдастырылады. Қоғамдық көлік жеңілдіктері Жергілікті атқар...

    Сұрақ

    Инклюзивті сыныптарға оқушыларды қабылдау қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Ата-ананың өтініші Ата-ана немесе заңды өкіл мектепке өтініш береді. 2.Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар /бұдан әрі ПМПК/ қорытындысы Оқушыны оқыту ерекшеліктері психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы негізінде анықталады. Қажетті ж...

    Сұрақ

    Оқушыларды тасымалдау қалай ұйымдастырылады?

    Жауап

    Оқушыларды тасымалдау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік актілеріне сәйкес арнайы ұйымдастырылады. Негізгі тәртібі мынадай: 1. Қажеттілік анықтау - Ауылдық жерлерде немесе мектепке дейінгі қашықтығы 3 шақырымнан асаты...

    Сұрақ

    Облыста ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін арнайы ұйымдар бар ма?

    Жауап

    Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері /бұдан әрі ППТК/ жеке, топтық және кіші топтық сабақтар түрінде жеке дамыту және түзету-дамыту бағдарламаларын іске асыратын арнайы білім беру ұйымы болып табылады. ППТК басқа арнайы білім беру ұйымдарына баратын балаларды қоспағанда...